Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖҮРУДЕ
Аймақ жаңалықтары

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖҮРУДЕ

05.03.2025153 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда қаласында туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 294 науқас диспансерлік есепте тұр. Өткен жылы туберкулездің 180 жаңа жағдайы анықталса, биыл туберкулездің 26 жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 21,8 пайызға төмендеген. Бұл туралы бүгінгі брифингте Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бейбіт Бидаш пен облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Алтекешова мәлімдеді.
— Қызылорда қаласында туберкулез ошақтарынан қарым-қатынаста болған 920 адам тексеріліп, нәтижесінде жаңа 7 жағдай анықталды. Науқастарға арнайы ем тағайындалып, ауру ошақтарында сауықтыру шаралары жүргізілді. Дүниеге келген нәрестелердің 95,3% БЦЖ вакцинасымен егілді. Емхана аймағында 123 бала егілді. Манту сынамасына барлық жоспарланған 41 211 бала уақытылы егумен қамтылды. Айта кету керек, аурудың алдын алу үшін балалар мен ересектер жыл сайын флюорографиядан өткен жөн. Бұл ауру болған жағдайда оны тез арада анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде сапалы тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанған абзал, — деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Бейбіт Молдахметұлы.
Туберкулезге қарсы күрес айлығының мақсаты – тұрғындарға дерт туралы ақпарат беріп, алдын алу және күрес шараларын күшейту. Айлық аясында туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу тақырыптарында ақпараттық науқандар, медициналық ұйымдарда, мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер, акциялар ұйымдастырылуда.
— 24 наурызға дейін қоғамдық орындарда, базарлар мен сауда орталықтарында акциялар ұйымдастырылып, медициналық мекемелерде ашық есік күні өтеді. Онда қала тұрғындары флюорографиялық тексеруден өтіп, көрсетілімдер болған жағдайда фтизиатр дәрігерден кеңес алып, қажетті талдаулар тапсыра алады. Облыста туберкулезге қарсы бағдарламаның бақылауы жүргізілуінің нәтижесінде аурушаңдылық көрсеткіші соңғы 10 жылда 2 есеге азайды, — деді облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Оғадиқызы.
Ең бастысы — аурудың алғашқы белгілерінде дереу дәрігерлік көмекке жүгіну керек. Туберкулез дер кезінде анықталып, үздіксіз емделсе, толық жазылады. Негізгі белгілері: 2 аптадан астам жөтел, арықтау, тершеңдік, кеуденің ауырсынуы, қан кету, жалпы әлсіздік және шаршау, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі пайда болса, дереу емханаңызға хабарласу қажет.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған

10.04.2026181 Views

Жастар арасында су үнемдеу идеясы кеңінен насихатталуда

10.04.2026235 Views

Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды

10.04.2026364 Views
Соңғы жаңалықтар

Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған

10.04.2026

Жастар арасында су үнемдеу идеясы кеңінен насихатталуда

10.04.2026

Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды

10.04.2026

ЖИ-агенті құқықтық мәселелер бойынша 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді

10.04.2026

Қазақстанда әділет саласын цифрландыру: жаңа сервистер уақыт пен қаражатты үнемдейді

10.04.2026

QazCopyright: биыл әртістерге ТВ мен радиодағы ротация үшін алғашқы төлемдер жасалады

10.04.2026

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11 сәуірде басталады

10.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.