Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚТА 4890 СТУДЕНТ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУДА
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚТА 4890 СТУДЕНТ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУДА

05.03.2025451 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл аймағымыздағы кәсіптік білім беру саласына жасалған үлкен мүмкіндік жылы деп айтуға болады. Аталған бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Аталған тақырып аясында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Есенбаев пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева сөз қозғады.
— Бүгінде Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар аймақтағы кәсіптік білім беру саласын транформациялаудың да жол картасы қабылданды. 2023-2024 оқу жылында 9 колледжде 38 мамандық бойынша 52 біліктілік лицензия қосымшасы кері қайтарылған болса, биыл 8 колледжде 21 мамандық, 31 біліктілік анықталды. Сонымен бірге білім сапасына байланысты оқу орындарының арнайы рейтингін қалыптастырып, жыл сайын бақылауды жүзеге асыратын боламыз. Бұл оқу орындарының бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудағы әлеуетін айқындайтын болады. Биылғы жылы халықаралық талаптарға сәйкес шетелдік оқу орындарымен әріптестік байланыс орнату жүзеге асырылатын болады. Осы ретте айта кету керек Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педогогикалық жоғарғы колледжі Германия мемлекетінің Лейпциг университетімен педогогика, психология мамандығы бойынша, сондай-ақ Исатай Әбдікәрімов атындағы колледж Американың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатты,- деді Бекжан Шәкизатұлы.
Биыл жастардың, оның ішінде жұмысшы мамандықтар бойынша білім алатын жастарға байланысты мемлекеттік тапсырыстың көлемі 700 орынға артып отыр.
— Жыл ішінде «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру» жобасы аясында жұмыс күші жетіспейтін Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарына қоныс аударуға бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу де жалғасын табады. Биыл еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша 525 жұмыссызды қысқа мерзімді курстарға оқыту жоспарланса, «Скиллс Еңбек» электронды білім беру порталы арқылы тегін біліктілігін арттыру курстарынан өткізу көзделуде. Осы онлайн оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйретуге арналған 848 курс қолжетімді, бұл курстардан өткен жылы облыс бойынша 3 мыңнан аса жұмыссыз азаматтар өтсе, адам оқудан өтсе, биыл 20 мыңнан аса адамды қамту межеленуде, Электрондық еңбек биржа порталына өзгеріс енгізіліп оқушылар мен ТИПО студенттеріне оқу мүмкіндігі берілді. Жыл соңына дейін облыстық білім басқармасымен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп «Жұмысшы мамандықтарының атласы» әзірленеді. Аталған атлас еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтарға сұраныс пен ұсынысты айқындайтын болады,- деді Жанар Жұмабекқызы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026328 Views

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026473 Views

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.