Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫС ӘКІМІ НИНЬСЯ-ХУЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫС ӘКІМІ НИНЬСЯ-ХУЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

26.02.2025493 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Аймақ басшысы Нинься-Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын отандық өндіріске тарту тапсырмасы бойынша арнайы делегация іссапармен келдік. Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы арқылы ғасырлар бойы дамып, бізді Батыс пен Шығысты жақындастыруға негіз болған тығыз сауда-экономикалық қатынастар біріктірді. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы осы бағытты жандандырып қана қоймай, оның әлемдік аренадағы рөлін күшейтті. Сауда керуендері әлі де жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологияларды, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, өзімізбен бірге облыстың инвестициялық әлеуеті туралы және 60 инвестициялық жобаның тизерін әкелдік. Біздің тараптан барлық жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер ұсынылады, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз»,– деді аймақ басшысы.
Возможно, это изображение 4 человека, костюм и свадьба
Облыста 15 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді, оның 8-і –қытайлық кәсіпорын. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен пайдалануға берілген және тұрақты жұмыс істейтін ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.
2018 жылдың желтоқсанында «Чайна Гежуба» компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 137,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт іске қосылды. 2022 жылдың қазан айында «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен құны 90,4 млн. АҚШ. доллары, қуаттылығы жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты ашылды. Зауыт іске қосылғалы бері 31,4 млн. шаршы метрден астам, 76,7 млн. АҚШ. долларының өнімін өндірді. Оның 30%-ы ішкі нарыққа өткізіледі, ал 70%-ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады.
Бүгінде шыны кластерін құруға және түрлі шыны бұйымдарын өндіруге бағытталған жаңа ілеспе жобалар шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін әйнек шығаратын жаңа желі іске қосылды. Одан бөлек, айна, шыңдалған шыны, автомобиль әйнегі мен шыны бөтелке өндірісі бойынша жобалар бар.
Сондай-ақ, қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.