Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады
Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады

25.02.2025260 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды.

– Қазіргі таңда қазақ-қырғыз ынтымақтастығы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Қазақстанға былтыр жасаған ресми сапары екіжақты ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Осы сәтті пайдаланып, құрметті Садыр Нургожоевичке жылы лебізімді жеткізуіңізді сұраймын, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

– Біздің Президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді. Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің арқасында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нығая түсті, – деді Қырғызстан Үкіметінің басшысы.

Кездесуде Президент екі ел үкіметтеріне жүктелген басты міндеттердің бірі жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың толықтай жүзеге асырылуын бақылау екенін жеткізді.

Атап айтқанда:

  • тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу;
  • қазақ-қырғыз шекарасындағы Индустриалды сауда-логистикалық кешенді жедел іске қосуға ықпал ету;
  • көлік-транзит байланысы үшін қолайлы жағдай жасау.

Сонымен қатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және су-энергетика саласындағы ықпалдастық мәселелеріне айрықша мән берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға батып қаза тапты

21.07.2026357 Views

ОСК тіркеді: «Әділет» партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады

21.07.2026595 Views

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026894 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға батып қаза тапты

21.07.2026

ОСК тіркеді: «Әділет» партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады

21.07.2026

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

Үкімет көлік нарығын көлеңкелі бизнестен тазарта ала ма?

21.07.2026

АВТОКӨЛІК ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21.07.2026

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026

Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды

20.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.