Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

25.02.2025864 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Сыр өңірінің делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, құрылыс және мұнай компанияларының басшылары, кәсіпкерлер бар. Сапардың негізгі мақсаты – аймақтың агроөнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларына инвестиция тарту.
Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Сиань қаласындағы мұнай-газ, химия өнеркәсібі саласындағы компания жетекшілерімен кездесті. Алдымен «Yan’an Energy Equipment Group» компаниясы басшысымен жүздесіп, өңдеу өнеркәсібі саласында бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін айтты.
«Бірінші кезекте Қызылорда облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы бүгінгі кездесуге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу үшін арнайы делегация жасақтап келдік.
Мұнай-газ – өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі және облыс экономикасының негізі. Оның үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7%-дан астамын құрайды, 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды. Облыс аумағында мұнай өндірумен және барлаумен 49 кеніште 25 компания айналысады.
Алайда, мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сарқылуына байланысты қорды толықтыру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Торғай-палеозой» кен орнында тереңдігі 5,5 мың метр ұңғыманы бұрғылауда. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары шамамен 5,4 мың тереңдікке жетті.
Осы ретте, құрметті мырзалар, компанияның заманауи технологиясы мен тәжірибесін ескеріп, Қызылорда облысында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз.
Облыс әкімдігі өз тарапынан зауыттарды орналастыру үшін жер, инженерлік инфрақұрылым, жан-жақты логистикалық қолдау білдіруге дайын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мұнан бөлек, аймақ басшысы «Xian ANCN Smart Instrument Inc» мұнай-газ компаниясының басшысымен кездесті.
«Xian ANCN Smart Instrument Inc» компаниясы 2007 жылы құрылған. Негізгі қызметі – газ кен орнының автономды басқару жүйелерін, жарылысқа қауіпсіз тексеру роботтарын, смарт өлшеу құралдарын және басқа да мұнай-газ жабдықтарын өндіру. Компанияда 320 қызметкер, 100 ғылыми-зерттеу тобының мүшесі, 340 ғылыми зерттеу патенті бар.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, жауапты сала басшылары, кәсіпкерлер Синьянь қаласында инвестициялық тұрғыдан әлеуетті бизнес өкілдерімен кездесті.
Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған. Келіссөздер басқа қалаларда да жалғасады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.20264 219 Views

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

15.07.2026961 Views

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026329 Views
Соңғы жаңалықтар

Ресейді өз одақтастары тізе бүктірді: Қытай Ресейге үстемдік қылмақ…

15.07.2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

15.07.2026

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты

14.07.2026

Қайын жұртын түгелдей қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты

14.07.2026

Қонаевтың көмекшісінің қызы Назарбаевқа қатысты көпшілік біле бермейтін оқиғаны айтты

14.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.