Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19.02.2025263 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен кездесті. Басқосуда аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.Балалардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ оқу процесін цифрлық құралдармен, қазіргі заманғы білім беру технологияларымен қамтамасыз етеді. Өңірде ұлттық жоба аясында 6900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді.
Возможно, это изображение 1 человек
Айта кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп, ал 5 білім ордасына қосымша ғимарат салынып, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы, Шиелі кентіндегі және осы ауданның Жансейіт ауылындағы апатты мектептердің мәселесі шешілді. Тағы 8 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жұмысын бастайды. Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты алдағы уақытта іске қосылады.
Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.20262 865 Views

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026651 Views

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026427 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛДІМЕКЕННІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУЫСЫМЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

10.11.2026

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

10.11.2026

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10.11.2026

Қазақстанда «Яндекстің» бес компаниясы жеке деректерді қорғау талаптары бойынша тексеріледі

10.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.