Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІМЕН 358 ІС ТАТУЛАСУ ІСІМЕН АЯҚТАЛҒАН
Аймақ жаңалықтары

СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІМЕН 358 ІС ТАТУЛАСУ ІСІМЕН АЯҚТАЛҒАН

29.01.2025155 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2024 жылы Қызылорда облысының соттарына 22733 талап қою түскен. Талап қоюлардың басым көпшілігі неке және отбасы дауы, жер дауы, залал өндіру санаттары бойынша. Республикада азаматтық істер бойынша медиация қолдану бойынша көрсеткіші 43,1 құраса, Қызылорда облысында 40%, бұл деңгейдің төмендегенін көрсетеді.
Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся
Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Светлана Жуынтаева баяндады.
— Дау мұраты – біту. Алайда, сотқа келген тараптар өзара ымыраға келіп, дауды татуластыру жолымен аяқтауға онша ынта таныта қоймайды. Мұның өздері үшін де тиімсіз екенін түсіну қажет. Себебі, сот шешімінің орындалу барысында қиындықтар кездеседі, тіптен орындалмай қалуы да мүмкін. Өзгерістер де орын алуы ғажап емес. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, елордада үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді. Азаматтық істерді қарайтын кассациялық сотқа сот шешімі заңды күшіне енген соң алты ай ішінде кассациялық шағым беріледі. Кассациялық соттарда 2027 жылдың 1 шілдесінедейін жеке тұлғалар үшін талап қою сомасы 2000есептік көрсеткішке дейінгі, заңды тұлғалар үшін 30000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі істер қаралады. 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл ерекшеліктер алынып тасталып, азаматтық істердің барлығы кассациялық соттарда қарауға жатады,- деді Светлана Нағашыбайқызы.
Қылмыстық істерді қарау сапасы 2023 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға жақсарған.
-Өткен жылы аппеляция, кассация сатысында күші жойылып, өзгертілгендер 4,9 пайызды құрайды, республикалық көрсеткіш — 5,9 пайыз болатын болса, 2023 жылы апелляция, кассация сатысында күші жойылып, өзгертілгендер 6,6 пайызды құраған. Ақтау үкімдеріне тоқтала кетсек. 2023 жылы 9 ақтау үкімі болды. 2024 жылы ақтау үкімі 5 адамды құрап отыр. Яғни, ақтау үкімінің біршама азайғанын айтуға негіз бар,- деді Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Бекжанов.
— Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының сот төрелігін жүргізу сапасын көтеруге жұмыс жүргізілмек. Біркелкі сот практикасының сақталуын қамтамасыз етіп, талаптардың негізсіз қайтарылуын болдырмауға жұмыс істейтін боламыз. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасатын болады — деді облыстық соттың судьясы Шолпан Маликова.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған

10.04.2026181 Views

Жастар арасында су үнемдеу идеясы кеңінен насихатталуда

10.04.2026235 Views

Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды

10.04.2026365 Views
Соңғы жаңалықтар

Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған

10.04.2026

Жастар арасында су үнемдеу идеясы кеңінен насихатталуда

10.04.2026

Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды

10.04.2026

ЖИ-агенті құқықтық мәселелер бойынша 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді

10.04.2026

Қазақстанда әділет саласын цифрландыру: жаңа сервистер уақыт пен қаражатты үнемдейді

10.04.2026

QazCopyright: биыл әртістерге ТВ мен радиодағы ротация үшін алғашқы төлемдер жасалады

10.04.2026

2026 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11 сәуірде басталады

10.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.