Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Аймақ жаңалықтары

ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

22.01.2025357 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дінмұхамбет Сырлыбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
— Өздеріңізге белгілі, биыл бас жоспардың қолдану мерзімі аяқталады. Оны жаңалау мақсатында өткен жылы әзірлік шаралары басталды. Сызба жұмыстарын ашық конкурс арқылы жеңімпаз атанған Алматы қаласының «Казгипроград» 1 жобалау институты» ЖШС жүргізуде. Тұжырымдама құжатында Қызылорда қаласының 20 528,0 гектар аумағына аэрофототүсірілім толығымен орындалған және елді мекендерді дамытудың ұзақ мерзімді болжамы әзірленген. Қызылорда қаласының бас жоспарын жобалау жұмыстарын 2025 жылдың аяғында аяқтауды жоспарлаудамыз. Бұдан бөлек, «МПК-Проект» ЖШС-і демеушілігімен Тасбөгет кентінің, Қызылжарма ауылдық округі мен Досан елді мекенінің Бас жоспарын жобалау жұмыстары басталды,- деді бөлім басшысы.
Бөлім тарапынан сыртқы жарнама нысандарының уақытылы жаңартылуы және көше-жол торабына төгілген құрылыс материалдарын анықтау бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осы жұмыстар барысында өткен жылы заңсыз ілінген 331 жарнамалық баннер анықталып, қала бюджетіне 84 млн. теңгеден аса қаржы түсірілді. Сонымен қатар, құрылысқа рұқсат беру құжаттарын рәсімдемеген 73 кәсіпкерлік нысан анықталып, заңға сәйкес тиісті шара қабылдау үшін облыстық бақылау басқармасына жолданды. Мәселен, тиісті рұқсат қағаздарын рәсімдемей И.Журба көшесінің бойындағы қызыл сызықпен қабаттаса салынған көлік жуу ғимараты мен Иса Тоқтыбаев көшесі бойындағы сауда нысаны соттың шешімі негізінде меншік иесінің есебінен бұзылды.
Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, қаладағы қолданыстағы бірнеше ескірген саябақтар мен парктерді қазіргі заман талабына сай жаңарту үшін жобалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Тұңғыш Президент атындағы парк, Орталық мәдени және демалыс паркі, Қорқыт Ата атындағы саябақтың және Б.Шөкенов атындағы саябағының эскиздік жобалары облыс әкімінің қолдауымен, елімізге танымал жобалаушылардың бірі болып табылатын «BI group» мекесінің өз қаражаты есебінен және сала мамандарымен бірлесе әзірленіп, ұсынылды. Сонымен қатар, қаладағы басқа да саябақтармен демалыс орындарының, оның ішінде, «Арай-Санрайс» лагері, «Ғалымдар» аллеясы, «Темір Жол» паркі, «Автовокзал» аллеясы, М.Ералиева атындағы саябақ, М.Торайғыров көшесі бойындағы аллея, «Шұғыла» мөлтек ауданы №5 үй алдындағы аллея, Келменбет батыр аллеясына эскиздік жобалар әзірленіп, ұсынылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БИЫЛ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 4 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛМАҚ

29.07.2026693 Views

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026840 Views

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026248 Views
Соңғы жаңалықтар

БИЫЛ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 4 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛМАҚ

29.07.2026

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.2026

«Ақылды қала» концепциясы абстракциядан ақиқатқа айнала ма?

29.07.2026

Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?

29.07.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.