Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚТАҒЫ АЛҒАШҚЫ “РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ” ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚТАҒЫ АЛҒАШҚЫ “РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ” ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА АШЫЛДЫ

10.12.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досмамбетов, Бекмырза Еламанов, Биғали Қаюпов, «Қоғам» телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шәкизада Әбдікәрімов, «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрайымы, білім саласының ардагері Райкүл Байназарова, жауапты сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жетістіктерге тоқталды.

«Бүгін – ғасырлардың үнін жаңғыртып, халқымыздың қазынасын еселеген Сыр руханияты үшін айтулы күн. Ең алдымен, баршаңызды мыңжылдықтардың мұраты, Алаштың асқақ арманы болған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» деген болатын.
Биыл өңірімізде «Руханият жылы» жарияланып, айшықты жыл аясында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, Жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.
Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Құрылысы қарқын алған облыстық тарихи-өлкетану музейі келесі жылы наурыз айында пайдалануға беріледі.
Биылғы «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңге болатын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият» орталықтары салынуда. Мақсатымыз әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа біріктіру арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару, әкімшілік шығындарды азайту болды. Жыл соңына дейін тағы 5 ауданда «Руханият орталықтары» жұмысын бастайды. Қалған 2 орталық келесі жылдың наурыз айында ел игілігіне беріледі.
Ең бастысы бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз кеңінен насихатталып, өскелең ұрпақтың өзі туып-өскен өңір тарихы, ұлттың бай қазынасы туралы танымы қалыптасады. Барша жерлестерді «Руханият орталығының» ашылуымен тағы да құттықтаймын! Жаңа нысан еліміздің рухани қазынасын толықтырып, жұртшылыққа қуаныш сыйласын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы әрқашан асқақ болсын!» – деді Н.Нәлібаев.

Жиында аймақтың руханият саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталған Шәкизада Әбдікәрімов пен Бақберген Досмамбетов ақ батасын берді.

Сонымен қатар, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен ардагерлер мен орталықты салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, облыс орталығынан балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шығармашылық академиясы», халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық «Орталық стадион» салынуда. Жаңа нысандар келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді, жақын арада «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.

«Самұрық қазына траст» қорымен бірге «Үстел теннисі орталығы», «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық «Оқушылар сарайы» салынып, жұмысын бастап кетті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.20261 482 Views

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026652 Views

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?

24.06.20262 159 Views
Соңғы жаңалықтар

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.2026

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?

24.06.2026

Бірлескен отырыс шақырылды: Парламент жұмысын тоқтата ма?

24.06.2026

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

24.06.2026

Қазақстан Ақтау портының әлеуетін арттыруда

24.06.2026

Ақтөбе облысында қайтарылған жерлерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

24.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.