Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

10.12.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының жаңа басшысы Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлын таныстырды.

«Бүгінгі мәжілісімізді бастамас бұрын кадрлық өзгерістерге тоқталуға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы отандық спорт саласын кешенді реформалау арқылы бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуды тапсырды.
Ол үшін бізге өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар, мықты басшылар, үздік менеджерлер керек. Осы орайда, Туризм және спорт министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымына Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлы тағайындалды.
Бақтияр Ғарифоллаұлы – барлығыңызға жақсы таныс, өз ісінің білікті маманы, мықты менеджер. Спорт саласының жандануына орасан зор үлес қосқан азамат. 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын салған чемпионымыз, Вэл Баркер Кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Қазақстан Республикасының 7 дүркін чемпионы.
Бақтияр Ғарифоллаұлының осы кезге дейін алған білімі мен жинақтаған мол тәжірибесін ескеріп, Сыр өңіріндегі спорт және туризм саласын бұрынғыдан да қарқынды дамытады деп сенім білдіреміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2013-2021 жылдары «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы» корпоротивтік қорынының президенті, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры, «Астана Арланс» ЖШС бас менеджері. 2021-2022 жылдары «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығының ұлттық командалар үйлестірушісі, вице-президенті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы қызметтерін атқарған.

Елімізде спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған.

Бақтияр Ғарифоллаұлы бұған дейінде Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасын басқарып, спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосқан.

Облыс әкімі жаңа басшыға өңірдегі бұқаралық спортпен айналысушылар үлесін арттыруды, командаларды даярлауды және олардың республикалық, халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етуді тапсырды. Білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарында сабақтан тыс, кешкі уақытта спорт секциялары жұмысын үйлестіруді және спорттық іс-шаралар өткізуді, «Damu bala» бағдарламасы аясында жан басына шаққанда қаржыландыру мәселесін жүйелендіруді, басқа да міндеттерді айқындап берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.