Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қызылорда облысының әкімі: Күріш экспортында өсім бар
Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысының әкімі: Күріш экспортында өсім бар

20.11.20246 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Сыр өңірінде егін шаруашылығын дамытуда және әртараптандыруда кешенді іс-шаралар қолға алынған. Кейінгі 3 жылда аграрлық саланы қолдауға мемлекет тарапынан 43 млрд. теңге бөлінді. Соңғы 2 жылда 20 млрд. 300 млн теңгеден астам инвестиция тартылды.
Возможно, это изображение тофу и текст
Мемлекеттік қолдаудың арқасында машина-трактор паркі жаңартылуда. Үш жыл ішінде 20,9 млрд. теңгеге 680 техника алынды. Осы жылы 8 млрд. 800 млн. теңгеге 250 ауыл шаруашылығы техникасы әкелініп, машина-трактор паркі 5 пайызға жаңаланды.
Биыл 6,8 млрд. теңгенің 11 инвестициялық жобасы жоспарланып, құны 6 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске асты. Қалған 2 жоба жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Бұл ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің жыл өткен сайын артуына оң ықпал етті, биыл осы көрсеткіш 229 млрд. теңгеге жетеді.Сыр диқандары биыл 189 мың 400 гектар жерге егін екті. Негізгі дақыл күріш 85 мың 600 гектарға себіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынды, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналды (496,4 мың. тонна).Статистикалық деректерге қарағанда, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне облыстан 28,7 млн. доллардың 52,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142,9 пайызға артық. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жіберілген. Былтырғымен салыстырғанда күріш экспорты 166,9 пайызға артты.
Экспортталған өнімнің 92,1 пайызы, яғни 48 725,7 тоннасы – күріш. Сыр маржаны Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Иракқа жөнелтілді.
Еске салсақ, соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.