Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты
Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты

20.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аймақ басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.
«Бүгінгі күні Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында облысымыздың бюджеті 744 млрд теңгеден асты. Осыдан екі жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Өсім 204,4 пайызды құрады. Бюджетіміздің 55,4 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Облыстың даму бюджеті соңғы 2 жылда 3,6 есе артты.
Осы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты. Өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көріндік. Атап айтсақ, өнеркәсіп өндірісі-0,8, өңдеу өнеркәсібі-22,8, ауыл шаруашылығы-3, құрылыс жұмыстарының көлемі-50, тұрғын үй-7,4, көлік-3,5, сауда-6,5 пайызға өсті. Биылға жоспарланған 517 млрд. 500 млн. теңге инвестицияның 478 млрд. 300 млн.теңгесін 10 айда тарттық. Оның 74 пайызы – жеке инвестициялар», – деді облыс әкімі.
Возможно, это изображение текст
Соңғы 2 жылда құны 19 млрд. 600 млн. теңге болатын 22 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 10 млрд. 700 млн.теңгенің 13 жобасы жоспарланған. Бүгінде 9 жоба қолданысқа берілді.
Арал шөгінді бассейнінің «Шығыс» және «Батыс» учаскелеріндегі геологиялық зерделеу жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады. Биыл Сырдария бассейінін зерттеу жұмыстары басталуда.
Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының бастамасымен «Торғай Палеозой» кен орнында тереңдігі 5 мың 500 метр ұңғыманы бұрғылау басталып, қазір шамамен 3 мың 820 метрге жетті.
«Саутс Ойл» компаниясы «Құмкөл» кен орнындағы қиын өндірілетін тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін жобалауды бастап, келер жылы іске кірісуді жоспарлауда.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру жұмыстары қолға алынған. Осылайша мұнай қорының сарқылуы салдарынан соңғы 10 жыл бойы төмендеу тенденциясын көрсетіп келген өнеркәсіп өндірісі кейінгі жылдары қыркүйек айынан бастап оң динамикаға шықты.
Облыс әкімі шыны зауытының жұмысына тоқталды.
«2022 жылы іске қосылған шыны зауыты тұрақты өнім шығарып, оның 70%-ын ішкі нарыққа, 30%-ын Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспорттауда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37 млрд. 100 млн. теңгенің 28 млн. 700 мың шаршы метр шынысын өндірді. Қазіргі таңда мұнда 400-ге жуық адам еңбек етеді. Биыл шыны зауыты жанынан шетелдік инвестордың 15 млн. АҚШ доллар қаржысына жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіру жобасы іске қосылды. «Өндіріс» индустриялық аймағында шыны зауытының айналасынан ілеспе кәсіпорындар құру қолға алынды. Атап айтқанда, «Айна Гласс» серіктестігінің құны 1 млрд. 500 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 720 мың шаршы метр айна өндіру жобасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, «Horn glass» неміс технологиясымен жылына 220 млн. бөтелке өндіру, жылдық қуаттылығы 22 мың 600 шаршы метр шыңдалған шыны (стеклопакет) өндірісін кеңейту жобаларына тиісті жер телімі бөлініп, жобалау жұмыстары басталды, – деді Н.Нәлібаев.
Металлургия саласында «Шалқия» қорғасын-мырыш және «Баласауысқандық» ванадий кеніштерін игеру жалғасуда. 2030 жылға қарай еліміз өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 4,5%-дан 15%-ға дейін арттыруды жоспарлаған. Облыс аумағында 89 мегаваттық 9 күн-электр станциясы жұмыс істейді. Оның үшеуі – шетелдік инвесторлар қатысуымен салынған ірі станция.
Биыл барлық қаржы көздерінен 63 млрд. 523 млн теңгеге жеке кәсіпкерліктің 3 мың 761 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.