Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ – ӨНДІРІСТІҢ БАҒЫН АШАДЫ
Аймақ жаңалықтары

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ – ӨНДІРІСТІҢ БАҒЫН АШАДЫ

12.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жалпы көлемі 96 гектар жер­ді алып жатқан аймақта қазір 7 жоба өз жұмысын бастап кетті. Мұндағы ең ауқымды әрі сәтті жүзеге асқан жобаның бірегейі – «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның «Тампонажды цемент өндіру зауыты» жобасы. Жоба құны 64 млрд. теңгені құрап, 260 адам жұмыспен қамтылған.
«Гежуба Шиелі Цемент ­Компаниясы» ЖШС – «DANAKE Корпорациясы» ЖШС мен қытайлық «Gezhouba Group Cement Co Ltd» компаниялары бірлесіп құрған инвестициялық жоба. Зауыт 2019 жылы сынама ретінде, 2020 жылы толық іске қосылды. Ол – еліміздегі ең жаңа технологияларға негізделген құрылғылармен жабдықталған құрылысқа қажетті портланд және тампонажды цемент шығаратын зауыттардың бірі.
Зауыттың жобалық өндірістік қуаты жылына 1 000 000 тонна цемент шығарады. Бүгінде облыс пен ауданды цементпен толықтай қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, Қазақстанның бірнеше қалаларына, Өзбекстанға өз өнімін экспорттап отыр.
Кәсіпорында өндірілетін өнім цементтің сапасын бақылау басты міндеттердің бірі. Барлық өнімдер сертификатталған, жоғары сапа көрсеткішіне ие. Сонымен қатар клинкер мен цементтің талаптар мен ГОСТ стандарттарына сәйкестігін талдайтын озық жабдықтармен жабдықталған өз зертханасы бар. Өндірістік бақылау Орталық басқару пункті арқылы жүзеге асады. Зауытта технологиялық процестер жоғары автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Шикізат салмағы, температура, ылғалдылық барлығы жіті бақылауда.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» зауыты цемент өндірудің ең заманауи әдісі болып табылатын цемент өндірудің құрғақ әдісін қолданады. Бұл әдіс әлемде ең өнімді, шығыны аз және қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан ең таза әдіс ретінде танылған.
Зауыт цемент өндіруге шикізат ретінде жергілікті жерде өндірілген өнімді пайдаланады. Негізгі шикізат көзі әктас зауыттан қырық шақырым жердегі кен орнында өндіріледі және өндірісті шикізатпен үздіксіз қамтамасыз етіп отыр.
Одан бөлек индустриалды аймақтың 5 гектарын алып жатқан «Шиелі Жолшы» ЖШС-ның асфальт зауыты және темір бетон зауыты да өнімді жұмыс жасауда. Оның құны 124 млн теңгені құраған. Сол секілді «Бопежанованың» әк зауыты, «КазСтрой Орда» ЖШС-ның жобалық құны 30 млн. теңгені құрайтын «Бетон зауытының құрылысы», «Абзал», «СК Ризалит», «PRAIDE LTD» өндіріс орындарының құрылыс материялдарын өндіру цехтары биыл іске қосылды. Қалған 11 жоба алдағы төртжылдықтың еншісінде.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.