Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАҚТЫҢ БРЕНДІ ДЕ ТРЕНДКЕ ЛАЙЫҚ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАҚТЫҢ БРЕНДІ ДЕ ТРЕНДКЕ ЛАЙЫҚ

06.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Дубайдың дәмін дәріптеген блогерлерге қарап жұрт шоколадты бір татып көруге асық. Бағасы тым қымбат, түпнұсқасы 25 мың теңгеге дейін сатылады. Бірақ оған қарап жатқан ешкім жоқ. Несиеге болса да алуға дайын. Бұл тәттінің ерекшелігі де осы, бағасының қымбаттығында болса керек.
Маркетологияның құдіреті
Иә, қазір жігіт біткен қызға қырындау үшін ақ боз атымен емес, дубайлық шоколадымен баратын болған. Елдің қалтасын қағып жүрген дубай шоколадының пайда болуы Дубайдағы бір келіншектің жерік асынан бастау алса керек. Сара есімді әйел үйіндегі бар затпен өзі қалаған тәттісін жасап жейді. Кейін ол көпшіліктің қызығушылығын туғыза бастайды.
Белігілі кондитер Борис Мизуров «Известия«-ға берген сұхбатында дубай шоколадының танымал болып кетуі маркетинг жемісі екенін айтты.
«Бұл маркетингтің нәтижесі. Негізі дубай шоколады нарықта 2021 жылы пайда болды, бірақ қазір ғана танымалдылыққа биыл ие болды. Бұл жерде әлеуметтік желілердегі вирустық әсер рөл ойнап кетті. Не нәрсенің трендке айналатынын, ал не нәрсенің назарсыз қалатынын алдын ала білу қиын», — дейді ол. Кондитердің айтуынша, шоколадтың эстетикалық түрі де оның танымал болуына әсер етті. Бағасы қымбат болғандықтан, адамдарға блогерлердің шоколад дәмімен бөліскенінің өзі қызық.
Маркетолог Арман Жақсылықтың пікірінше, шоколадтың 20 мың теңгеге бағалануы халықтың жаппай қызығушылығын тудырады. Бұл аталған шоколадтың дәмі өзгеше болғандығынан емес, дейді маман.
«Қазіргі таңда бәрі өзгеше, ерекше заттарға қызығады. Ең бірінші фактор – дефицит болуынан. Дубай шоколады Дубайдағы тек бір жерде ғана шығады, басқалары көшірме. Тауардың дефицит болуы бәріне қызық. Екіншіден – бағасының қымбат болуы. Әдетте адамдар қымбат зат алсам, соған лайықтымын деп ойлайды. Бағаны өсіру арқылы оған деген қажеттілікті арттырып отыр. Үшіншіден, желідегі контент. Дубай шоколадын жеп түсірген трендтер біраз қаралым жинайды, сондықтан бәрі шоколадты жеп көруге асығады. Шын мәнінде Дубай шоколадының еш ерекшелігі жоқ, біздің Қазақстан шоколадының дәміне жетпейді (күлді, — ред.)», — дейді маман.
Fix деген жазуы бар дубай шоколадының шын түрі де, жалған түрі де қазіргі күнде қаптап жүр. Шоколадты сататындар шаш етектен. Көбіне гүл сататын дүкендерде не әлемжелі арқылы саудаланады. Дубай шоколадының жасалу жолын біліп алғандар өзгелерге үйретіп те ақша табуда. Ауданда осыған дейін нарықты жаулаған шоколадты клубиниканы жасаушылар енді сұранысқа қарай дубай шоколадын сатуға кіріскен. Шиелілік кондитерлердің жасаған шоколады көлеміне қарай 1500 теңгеден басталады. Орташа баға – 6000 теңге.
Айнұр Қалиева – аудан тұрғыны. Ол шоколадтың бағасы қымбат болғандықтан, ғаламтордан қарап отырып өзі үйінде дайындапты.
– Үш балам бар. Интернеттен дубай шоколадын көріп, біз де жейікші деп қоймай қойды. Ютубтан жасалу жолы мен құрамын көріп алдым да өзім дайындадым. Катаифи деп аталатын қамырын жасау ұзақ уақытты алады екен. Нағыз дубайлық шоколадтың дәмі мүмкін, басқа болатын шығар жеп көрмеген соң білмейміз ғой. Бірақ өзімнің жасағаным да жаман болған жоқ. Бастысы балаларға ұнады, – дейді Айнұр.
Ал Ресейде Дубай шоколадын жеймін деп Квинке ісігіне ұшыраған қыздың оқиғасы жұрттың жағасын ұстатты. Сәнге айналған шоколадты 5 мың рубльге (25 мың теңге) сатып алған қыз ажал апанына бір барып қайтқан. Дубай шоколадын бір рет тістеген қыздың ауыз қуысы қышынып бастаған, алайда қыз оған мән бермепті. Аз уақыт өткен соң қыз тұншығып, жөтелген, кейін денесін бөртпе басып кетіпті. Көзі ісіп, есінен танып қалған. Абырой болғанда, қыздың жанында әпкесі болған. Ол бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер тез жетіп, антигистамин препаратын салып үлгерген. Содан кейін барып қыз өз-өзіне келе бастаған. Десерттің құрамындағы фисташка пастасы шын мәнінде өте аллергенді. Сондықтан аллергияға бейім жандар Дубай шоколадын татып көрмес бұрын ойланғандары абзал.
Байқағанымыздай қарапайым тәттіден айтарлықтай айырмашылығы жоқ дубайлық шоколадтың бар сыры жер жарған жарнамасында болып тұр.
Ал бізде жент, ірімшік, бал-қаймақ сынды ұлттық тәттілер жетерлік. Қазірдің өзінде құрттан жасалған чупа чупс, әдемі формадағы женттер нарықта бар. Бәлкім оларды қазаққа маркетинг жетіспей жүрген болар? Шоколадтың құрамы денсаулыққа аса пайдалы емес екенін бәрі жақсы біледі. Сөйте тұра қалтасын қағып тұрып сатып алуға, тіпті шоколадты жеу үшін дубайға жол тартуға дайын. Ал қазақ құртының пайдасы болмаса еш зияны жоқ. Бірақ әлгінде айтқан маркетинг жағы ақсаңдап тұр. Қазір әдемі қаптама, тұтынушыға ерекше ұсыну, ең бастысы жарнамасы жақсылап жасалған өнім ғана өтімді. Неге ұлттық өнімдермен нарықта тәжірибе жасап көрмеске? Әлем «қазақ тәттісі» деп таңданатындай брендіміз трендке айналса ғажап емес пе?
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.