Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Мемлекеттік қызметке кіру талаптары жеңілдетілді
Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік қызметке кіру талаптары жеңілдетілді

06.11.20241 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметке кіруді барынша жеңілдету мақсатында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалу бойынша белгілі нормалар қабылданды.
Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант есебінен үздік аяқтаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамалардан ешқандай тест тапсырмастан конкурстан тыс тағайындала алады.
Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, жас мамандардың аудандар мен ауылдық жерлерге оралуын ынталандыруға, сондай-ақ, өңірлердегі кәсіби кадрлар тапшылығын төмендетуге ықпал етіп, мемлекеттік қызметке кіру процесін айтарлықтай жеңілдетіп отыр.
Осы норма заңды күшіне енген уақыттан бері бүгінгі күнге дейін өңірімізде 9 түлек Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы аудандық және ауылдық деңгейдегі түрлі лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген түлектерді оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Астана қаласын қоспағанда, еліміздің барлық өңірлеріндегі мемлекеттік органдардағы жекелеген лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау мүмкіндіктері қарастырылды.
Осы жаңашылдық аясында, өңіріміз бойынша 2023 жылы 1 түлек, 2024 жылы 2 түлек конкурстық іріктеусіз бос лауазымдарға тағайындалды. Сонымен бірге, Агенттіктің келісімі бойынша конкурстық іріктеусіз «Б» корпусының жоғары лауазымдарына тікелей тағайындау мүмкіндігі берілді. Бұл өз кезегінде бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтеді. Мысалы, Қызылорда облысының мәдениет және спорт, қоғамдық даму, білім, экономика және қаржы, сонымен қатар денсаулық сақтау басқармаларының басшылары Агенттікпен келісу арқылы конкурстан тыс тағайындалды.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімі бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады. Мысалы, Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында 2023 жылы өкілеттік мерзімі аяқталған 2 ауыл әкімі, 2024 жылы Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында 3 ауыл әкімі конкурс өткізілместен түрлі лауазымдарға орналасты.
Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Өңірлік кадр резервіне өткізілген іріктеудің нәтижесімен Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне 25 резервші алынған болатын.
Өңірлік резервке алынған резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады
Бүгінгі күнге дейін, өңіріміз бойынша Өңірлік кадр резервінің 5 резервшісі Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Сырдария аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Қазіргі таңда резервшілерге жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары ұсынылуда.
Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне алынған резевршілерді конкурстық іріктеусіз бос лауазымдарға тағайындау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жоғарыда айтылған заңнамалық нормаларға сәйкес конкурстан тыс қабылданатын кандидаттардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келуі басты шарт болып табылады. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3348 бірлікті құраса, қазіргі таңда 3266 мемлекеттік қызметші нақты жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардағы бос орындар саны 82 бірлікті құрайды.  Кадрлардың тұрақтылығы мен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру бағытындағы шараларды қабылдау бойынша өңіріміз республикада көш басында.
Жыл басынан бері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды толықтыру мақсатында өңірімізде барлығы 558 конкурс (оның 273-і ішкі конкурс, 285-і жалпы конкурс) өткізіліп, нәтижесінде 384 (оның 146-і ішкі конкурс, 238-і жалпы конкурс) үміткер бос лауазымдарға қабылданған. Өткізілген конкурстардың ішінде 174 конкурстың 141-де үміткерлер қатыспағандықтан, 10-да үміткерлердің біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен, 18-де үміткерлердің конкурстық комиссияның оң шешімін алмағандықтан, 5-де конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің ұсынылған лауазымға орналасудан өз еріктерімен бас тартуы себепті өткізілмеген.
Елімізде мемлекеттік қызметтің реформасы бастау алған алғашқы 2016 жылы мансаптық өсу қағидаттарына сәйкес ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға қабылданған үміткерлердің үлесі өңірімізде небәрі 59,6 %-ды ғана құраған болса, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Қазіргі таңда өңіріміз бойынша мансаптық өсу қағидаттарына сәйкес ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға қабылданған үміткерлердің үлесі 73,3% құрап отыр.
Ерлеген Мендалиев,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің басшысы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.