Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ

01.11.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Форумда отбасының маңызы мен әкенің рөлін айшықтайтын «Ер адамның бейнесін қалыптастырудағы әкенің рөлі: жауапкершілік, батылдық, құрмет», «Отбасы және қауіпсіздік», «Саналы ата-ана» және «Бұқаралық спорт – мықты денсаулық кепілі» деген тақырыптар талқыланатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова мен облыстық әкелер одағының төрағасы Ержан Искендер мәлімдеді.
– Республикалық Әкелер одағының бастамасымен ұйымдастырылатын әкелер форумын өткізу биыл біздің еншімізге тиді. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдың маусым айында облыста әкелер одағы құрылған болатын. Одақ төрағасы болып сайланған облыстық мәслихат депутаты Ержан Искандер өңірдегі әкелердің мәселесін, олардың отбасындағы орны жайлы маңызды мәселелерді қозғап жүрген қоғам белсендісі. Аймақта өтетін форумға әр аймақтан 150-ге жуық қонақ келеді деп жоспарлап отырмыз,- деді Қаламқас Арыстанқызы.
«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі ел астанасында 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Ұйымның негізгі мақсаты – әкелердің балаларды тәрбиелеуге белсенді қатысуын насихаттайды. Әкелерді оқу орындарының қызметіне белсенді қатысуға тартып, әке беделін нығайту мақсатында іс-шараларды өткізуге бағытталған.
– Бүгінгі таңда Одақ құрамында 100-ден астам мүше бар. Аймақтағы әкелер одағымен бүгінгі таңда отбасы құндылығын насихаттау мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған форумның бағдарламасы бойынша 31 қазан күні қонақтарды күтіп алып, Сыр елінің көрікті жерлерін көрсетуді жоспарлап отырмыз. Ал, 1 қарашада арнайы келген спикерлер мен модераторлар әке тәрбиесі жөніндегі өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы әкенің рөлі мен бала тәрбиесі жөніндегі мәселелер талқыланатын болады,- деді Ержан Искендер.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026451 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026413 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.