Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ

03.10.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Салтанатты іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында аймақ басшысының арнайы шақыртуымен барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
«Мемлекет басшысының қолдауымен бүгінде Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістер өңіріне айналды. Облыста биыл 187 нысанның құрылысы салынуда. Тек білім саласында 9 нысан ел игілігіне берілді. Бүгін міне, «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2 млрд 350 млн теңгеге салынған 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының салтанатты ашылуына жиналдық.
Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші. Қазіргі таңда өңірімізде 62 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Ондағы үйірмелерге 60 663 оқушы қатысады.
Бұл ғимаратта балаларымыз бос уақытын тиімді өткізіп, пікірлес жаңа достар табады. Таным көкжиегін кеңейткен жас талапкерлер жаңалық ашып, жарқын болашағына қажетті дағдыларға машықтанады деп сенеміз. Сіздерді жаңа Оқушылар сарайының ашылуымен құттықтаймын!
Сыр өңірі күн сайын түрленіп, әсем ғимараттарымен айшықталып, тұрғындарымыз қуанышқа бөлене берсін!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Рәсімде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Eсқазиев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Жобаға 2,4 млрд. теңге бөлініп, құрылыс өткен жылдың желтоқсанында басталған. Заманауи, көпфункционалды кешен ішінде техноорталық, бағдарламалау, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сыныптары, экологиялық зертхана, жылыжайлар мен қысқы бақ, телестудия, вокал, музыкалық аспаптар және хореография кабинеттері бар.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026318 Views

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026529 Views

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026330 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026

Әзербайжандық бақылаушы референдумға оң баға берді

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.