Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Қоғам»Жұмыс берушілермен кездесу өтті
Қоғам

Жұмыс берушілермен кездесу өтті

26.09.20244 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жоба» аясында жұмыс берушілермен 4 ауданда – Жетісу, Наурызбай, Алатау, Әуезов аудандарында кездесулер өтті. Кездесулерге кемінде 2 жұмыс берушілерден қатысты. Әртүрлі компаниялардан келген жұмыс берушілер өздерінің ұсынып жатқан жұмыстары туралы толық ақпаратпен бөлісті. Бірінші кездесу маусым айында өткен болатын. Оған жұмыс беруші – «Темірбетон-1» ЖШС кадрлар ісі жөніндегі маманы Дана Рабғалиева қатысты. Екінші кездесу Наурызбай ауданында өтті. Оған жұмыс берушілерден – Autoglassimport компаниясының кадр ісі маманы Аинна Айвазова мен “Казмонтажспецстрой” компаниясының кадр бөлімінің қызметкері Гүлсім Шаконова қатысты. Үшінші кездесу Алатау ауданында өтті. Оған жұмыс берушілерден – “Галант ботлерс” компаниясының персоналды іріктеу маманы Дана Келгенбаева мен “АБС-ЛДстрой” ЖШС өкілі Марат Амиров келді. Төртінші кездесу Әуезов ауданында өтті. Онда жұмыс берушілерден – “Арена S” (Sulpak) компаниясының кадрлар ісі жөніндегі маманы Иллахэ Абдулаева мен “Алматы Су” шаруашылық компаниясының персоналды басқару маманы Назерке Саматқызы болды.

Кездесу қатысушылары жұмыс берушілерге сұрақ қою арқылы өздеріне керекті жауаптарын алды. Мысалы: айлық көлемі, жұмыс кестесі, жалақы айына қанша рет берілуі сынды сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға жауап берген жұмыс берушілер толық ақпаратымен бөлісіп, кездесуге қатысушыларды қызықтырып, жұмысқа деген ынтасын ашты. Мәселен, Автотрейд компаниясын алатын болсақ, жұмыс кестесі: 6/1, жұмыс күніне 2-3 сағат уақыт көлемін алады, жалақы мөлшері 70 000 теңге. Жұмыс міндеттеріне келсек: Райымбек 61 және Сейфуллина 202 мекенжайларындағы екі дүкеннің іргелес аумақтарын тазалау болып саналады. Сондай-ақ, Sulpak компаниясында оператор hr вакансиясы қарастырылған. Жұмыс кестесі: 5/2, жалақы көлемі 100 000 теңге. Және де жұмыс беруші Дана Келгенбаева өз компаниясындағы жүк тиеуші экспедитор, жүргізуші экспедитор, тоңазытқыш жабдықтарын құрастырушы сынды жұмыстарды ұсынды. Сол секілді, асфальт бетоншы, электр және газ дәнекерлеушісі, электромонтер, электрик сынды маман иелері керектігі туралы қатысушыларға баяндалды.

Жалпы кездесулерді қорытындылай келе өндіріс орындарында жұмыс істеуге ниетті адамдар саны бірте-бірте артты. Кездесулер барысында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау,  олардың жұмысқа орналасуы, құжаттардың дұрыстығы туралы мәселелер талқыланды. Қатысушылар жұмыс берушілердің нөмірін, компания туралы ақпарат қағаздарын алып міндетті түрде хабарласатынын жеткізді. Қос тарапта жақсы көңіл-күймен қоштасты. Кездесулер жоғары деңгейде өтті. Бастысы бұл кездесулерге қатысқан жандарға үлкен септігін тигізді.

Орхон Б.Ү

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 485 тексеру жүргізілді

23.06.2026276 Views

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026329 Views

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026525 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.