Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Тұтынушылардың құқығын көздейтін заң жетілдіріледі
Басты жаңалықтар

Тұтынушылардың құқығын көздейтін заң жетілдіріледі

04.09.20242 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев аталған құжат қоғамдағы мәселелерді шешуге септігін тигізетінін айтты.

Жыл сайын тұтынушылардың шағымы көбейіп жатқандықтан «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңды жетілдірудің қажеттілігі туындап отыр. Мысалы, 2023 жылы тұтынушылардың электрондық сауда саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты 7732 шағым түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Енді 2022 жылмен салыстырсақ шағымдар саны 290%-ға өсті, — деді ведомство басшысы.

Бұл деректен қазақстандықтардың электрондық сауда құралдарын белсенді пайдаланып жатқанын көруге болады.

Министр заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдерінің және Германия, Польша, Түркия және басқа да елдердің тәжірибесі зерттелгенін атап өтті.Осылайша, төмендегі нормалар заңға енгізілген.

  • Біріншіден, тұтынушылық дауларды шешу тәртібі көп сатыдан екі сатыға дейін жеңілдетіледі;
  • Екіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңның базалық қағидаттары салалық реттеу мен осы салалардағы тиісті мемлекеттік органдардың құзыретін сақтай отырып, қаржылық қызметтерден басқа, барлық қызмет көрсету саласына қолданылады. Нәтижесінде уәкілетті орган тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салаларалық үйлестіру жөніндегі өз функциясын толық іске асыра алады;
  • Үшіншіден, тұтынушылардың белгіленген және белгіленбеген тобы туралы ұғымдар бөлінді;
  • Төртіншіден, сотқа дейінгі кезеңде тұтынушының бұзылған құқығы қалпына келтірілмесе, тұтынушының пайдасына азаматтық процесте сот өндіріп алатын айыппұл түрінде  кәсіпкердің құқықтық жауапкершілігі енгізіледі.

«Бұл құқықтық құрал кәсіпкерлерді тұтынушылармен азаматтық дауды сотқа дейін шешуге ынталандыруға бағытталған. Шет елдердің осындай тәжірибесі сотқа өтініштердің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Бесіншіден, онлайн саудада тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша түзетулер ұсынылады», — деді Арман Шаққалиев.

Сондай-ақ ол тұтынушылардың құқығын қорғау үшін заңдағы кемшіліктер жойылғанын жеткізді.

Кәсіпкерлік субъектілердің E-tutynushy ақпараттық жүйесіне міндетті емес тіркелу туралы норма, қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша (қызмет құны) 100% қайтарылмайды деген ұғым алынып тасталды, — деді ведомство басшысы.

Депутаттар аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.