Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫС ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫС ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

05.05.20249 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Яхия Тасыров 102 жаста. Ғасыр куәгері Ташкентте текстиль оқуын оқып, 1940 жылы текстиль фабрикасына шебердің көмекшісі болып жұмысқа орналасады. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынған. Сібірде, Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазанында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны жаудан қорғаған. Данск жерінде портта аяғынан ауыр жараланған. 1944 жылы шекарадан Германияға кірген. 1945 жылы тамыздың аяғында елге оралған. Бейбіт өмірге араласқаннан кейін аудан орталығындағы сүт зауытында қойма меңгерушісі болып 16 жыл жұмыс жасаған. 1960 жылы Жалағаштың сүт зауытында мастер, 1982 жылы аудан орталығындағы астық қабылдау пунктінде жұмыс жасап зейнеткерлікке шыққан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ұлы Отан соғысы І-ІІ дәрежелі орденімен», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Жеңістің 40-50-60 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Бүгінгі күні 3 ұл, 1 қыздан 15 немере сүйген қазыналы қарт.
Облыс әкімі ардақты ақсақалға ізгі тілегін жеткізіп, сыйлық табыстады. Егемен еліміздің жас ұрпағына патриоттық тәрбие берудегі ардагерлердің зор үлесін атап өтті.
Айта кетейік, Жеңістің 79 жылдығына облыста арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда мерекелік құттықтаулар, қайырымдылық, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету шаралары қамтылған. Бүгінде аймағымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3948 ардагер бар. Мереке қарсаңында бюджеттен біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілмек. Облыстағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 млн 500 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026381 Views

Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

02.11.2026839 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.