Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Жайық жағалауына жұмылған жұрт
Аймақ жаңалықтары

Жайық жағалауына жұмылған жұрт

03.05.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі әлі тоқтаған жоқ. Өзен арнасы көршілес Батыс Қазақстан облысының аумағы­нан келетін сумен толығып жатыр.

«Қазгидромет» РМК Атырау об­лыстық филиалы ұсынған гидро­логиялық мониторинг дерегіне сүйенсек, өзен арнасындағы су күн сайын көтеріліп жатыр. Мәселен, кеше 2 мамырда таңертеңгі сағат 08.00-де Индербор кентіндегі гидро­бекетте су деңгейі 32 см-ге көтеріліп, 750 см болды. Бұл ауданда Жайық өзені көктемгі су тасқыны басталғаннан бері 527 см-ге көтеріліпті. Ал Махамбет ауданында бір тәулікте өзен арнасы 16 см-ге ұлғайып, 795 см-ді құрады. Батыр атындағы ауданда су тасқыны басталған кезден бергі көтерілу көрсеткіші – 478 см. Су айдыны деңгейінің көтерілгені Атырау қаласындағы гидробекетте де тіркеліп отыр. Шаһар маңында су деңгейі 8 см-ге көтеріліп, 459 см-ге жетті. Дегенмен Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шегіне жете қойған жоқ. Өйткені Индер ауданында Жайық өзенінің қауіпті шегі – 8,5 м. Махамбет ауданында су арнасының қауіпті шегі осындай деңгейде белгіленген. Атырау қаласында 550 см қауіпті деңгей саналады.

Облыстық жедел штабтың ақпаратына сүйенсек, өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімі жарияланғаннан бері Жайық өзенінің жағалауында бөгет тұрғызу қолға алынды. Осы орайда арнайы мамандар тобы су арнасының осал тұстарын анықтап, бөгетті қандай биікте көтеру қажеттігін зерделеді. Осындай талдаудан соң өзен жағалауына 522,8 шақырым бөгет салу қажет­тігі жос­парланды. Бөгетті су ек­піні бұзып кетпеуі үшін топырақ толтырылған 5 млн қап төселді. Бұрнағы күні екі ауданның Жайық өзенінің жағалауында орналасқан елді мекендерінде бөгет салу, нығайту жұмысы толығымен аяқталды. Мәселен, Индер ауданында Жайық өзенінің жағалауына жос­па­рлан­ған 30 шақырым бөгет салынған. Қазір жағалауда нығайтылған бөгеттің орташа биіктігі – 4,5 м. Бөгетті нығайту үшін 518 мың 500 қапқа топырақ толтырылды. Бұл жұмыстарды атқаруға 988 адам, 132 техника жұмылды.

Ал Махамбет ауданында Жайық өзенінің жағалауына 65,5 шақы­рым бөгет салу көзделген еді. Жоспарланған бөгет толығымен тұр­ғызылды. Бұл аудандағы бөгет­тің орташа биіктігі – 2,5 м. Өзен жағасындағы бөгетті нығайтуға шамамен топырақ толтырылған 1 млн 93 мың 920 қап қойылған. Жағалауды нығайту жұмыстарына 1 мың 628 адам, 207 техника тартылыпты.

Қазір Атырау қаласында бөгет салу жұмысы жалғасып жатыр. Оған жергілікті тұрғындар, кәсіп­орындардың қызметкерлері мен еріктілер жұмылып отыр. Өңірдегі ірі компаниялар арнайы техникаларын бөлді. Жайық жағалауында бөгет салып жүрген еріктілердің қатарында зейнеткер Бегалы Меңдіғалиев те бар. Егде жастағы қария ерікті жастармен бірге күн сайын 6 мыңға жуық қапқа құм толтырып жүр.

Бөгет салу ісіне 18 этно-мәдени бірлестіктің 200-ден аса мүшесі де атсалысты. Мәселен, «Тхониль Атырау» корей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Лидің айтуынша, Алмалы ауылдық округінде жаға бекіту жұмысы екі ауысыммен атқарылған. Өйткені бұл ауыл су басу қаупі бар аумақта орналасқан.

«Біз бөгет салу басталғалы қауіпті учаскені бөлуді сұрадық. Өйт­кені қазақ елінде тұрғаннан кейін қауіптің алдын алуға үлес қосқы­мыз келді. Бөгет салуға қатысу­дан үлкендер де, жас­тар да тартынған жоқ. Әсіресе жас жігіт­тер мен қыздар күндіз жаға­­ны бекітсе, кешкі мезгілде гума­ни­тарлық көмекті қабылдауға көмектесті», дейді Л.Ли.

Жайық жағалауында бөгет салуға шетелдіктермен компания­да жұмыс істейтіндер де қалыс қалмады. Мәселен, «Теңізшевройл» ЖШС-да жұмыс істейтін шетел­діктер де қалыс қалмады. Өйт­кені бұл компанияға жұмыс істеуге әлемнің әр елінен келгендер Жайық өзенінің жағалауындағы «Достық» қалашығында тұрады. Қалашықтың 60-тан аса тұрғынын ортақ іске жұмылдырған шетел­діктің бірі – «Теңізшевройл» ЖШС-да стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесші болып жұмыс істейтін Джон Фелл.

«Мен Қазақстанда жұмыс істеу үшін Оңтүстік Луизианадан келдім. Онда жылына 3-4 рет су тас­қыны болып тұрады. Су тасқы­нының зардабын бала кезімнен білемін. Сондықтан Атырау қаласын Жайық өзенінен төнуі мүмкін қауіптен қорғауға атсалысуды көздедік», дейді Джон Фелл.

Бөгет құрылысы Атырау қаласында әлі жалғасып жатыр. Шаһар маңында орналасқан Еркінқала аулындағы жағалауды бекітуге 63 сарбаз, 400-ге жуық ерікті, 16 техника тартылған. Мұнда 17 сәуірден бері Тараздан келген Қайрат Есіркеп те жұмыс істеп жүр. Ол «Akbars story Ltd» компа­ния­сының жүк тиегіш көлігін жүргізеді.

«Арнайы техникамен құм толтырылған қапшықтарды жағаға көтеріп беремін. Бұл техникамен жұмыс істегеніме 38 жыл болды. Жүк тиегіш техникасы 3 тонна жүк көтереді», дейді Қ.Есіркеп.

Дегенмен Жайық-Каспий бас­сейн­дік инспекциясы басшысы­ның міндетін атқарушы Тұрлан Сүлейменовтің айтуына қарағанда, кейінгі 100 жылда Атырауда тасқын су дерегі тіркелмеген. Мәселен, 1942, 1957 және 1993 жылы су тасқыны болған. Алайда одан Атырау қаласы зардап шекпеген.

«Кейінгі күндері Ресейдің Орын­­бор облысындағы Иректі су қоймасынан жіберілген су мөл­шері едәуір азайғаны байқал­ды. Бұ­рын­ғы жылдардағы талдауға сәйкес Жайық өзеніндегі судың 20 па­йызы буланып, ауаға ұшады. Демек Атырау қаласына жеткенге дейін өзендегі су сай-салаға ағып шығады. Осындай себеппен Жайық­тағы судың мөлшері азаюы мүм­кін. Оның үстіне Қараөзек және Соко­лок каналдары тазаланды. Бұл – өзендегі судың теңізге ағып кетуі ү­шін жасалған оң қадам», деді Т.Сүлейменов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында ағаш көшеттері өсіріліп, орман алқаптары қалпына келтіріліп жатыр

09.05.2025343 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.