Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Басты жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

03.05.20246 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу мәселесі қаралды.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.
«Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 98,8 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 пайызға төмен қалыптасты. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтерге баға деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, оны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз. Бірінші кезекте нарықта халық тұтынатын тауарлардың қоры жеткілікті болуы қажет. Өткен жылдан бері көкөніс өсіруші шаруашылықтарды алдын-ала 70 пайыз қаржыландырып, форвардтық келісім-шарт жасау тәжірибеге енгізілді. Енгізілген өзгерістерден және жүргізілген тауар интервенциясынан кейін көкөніс бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмен. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуы қажет», – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін ішкі саудадағы делдалдық тізбекті қысқарту және сауда үстемесін 15 пайыздан асырмауды ұйымдастыру тапсырылған болатын. Арнайы комиссия әзірлеген алгоритмге сәйкес бағасы өскен өнімдер бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен алынған ақпарат негізінде талдау, мемлекеттік бақылау жүргізу белгіленген. Осы ретте, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне бағаны тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.
Мәжіліс қорытындысымен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда 19 әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарының үздіксіз сатылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік дүкендер қызметін жетілдіру бойынша нақты ұсыныс беру тапсырылды. Мұнан бөлек, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, белгіленген алгоритмге сәйкес делдалдық тізбекті қысқарту бойынша тиісті жұмыс жүргізуі тиіс.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.20261 174 Views

Президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

02.11.2026839 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.20263 919 Views
Соңғы жаңалықтар

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНДА

05.11.2026

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.2026

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды

05.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.