Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

31.07.2026520 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстанның құрметті құрылысшысы, сала ардагері Әбдімәжит Жансақаловты 70 жас мерейтойымен құттықтады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ел мүддесі – бәрінен биік. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» — деген болатын.
Саналы ғұмырын аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған азаматтарды ардақтап, лайықты құрмет көрсету игі дәстүрімізге айналды.
Бүгінгі ресми жиынымыз белгілі құрылысшы, ардақты ағамыз Жансақалов Әбдімәжит Әлмағамбетұлының мерейлі 70 жасқа толуына арналады. Сыр жұртшылығы аймағымыздың дамуына зор үлес қосып, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрген Өзіңіздей жерлестерімен мақтанады.
Бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Алдағы уақытта үлкендік ақыл-кеңесіңізбен жастарға жол көрсетіп, игі істердің басында жүре беріңіз.Ұрпағыңыздың қызығына бөленіп, ел алдында абыройыңыз арта берсін!Тойыңыз тойға ұлассын!», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мерейтой иесіне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауы табысталды. Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасы және «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі тапсырылып, дәстүрге сай құрмет көрсетілді.
Жиында ел ағалары Жәнәбіл Нұрқыш, Ибрагим Әбибуллаев және Дайрабай Ысқақов мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.
Әбдімәжит Әлмағамбетұлы Қызылорда политехникумында, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Сырдария ауданында инженер, учаске шебері болып бастап, кейін аудандық ауыл шаруашылығы мекемесінде құрылыс саласын қадағалау тобының басшысы, СПМК-1 мекемесінің бас инженері және басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылыс ұйымдары қысқарған кезеңде ұжымды сақтап қалу мақсатында «Дәнекер» акционерлік қоғамын құрды. Бірнеше мәрте қалалық және облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.
Бүгінде «Дәнекер құрылыс компаниясы» өңірдегі маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысын салған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтерген мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандары, емханалар, көпсалалы балалар ауруханасы, облыстық қан орталығы, сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлер мен ауылдық жердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер ел игілігіне қызмет етуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.