Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»БИЫЛ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 4 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛМАҚ
Аймақ жаңалықтары

БИЫЛ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 4 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛМАҚ

29.07.2026692 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Биыл Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен республикалық бюджеттен жалпы көлемі 680 млн. теңге қаржы бөлініп, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталған болатын.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов елді мекендердегі орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарының сапасын бақылап, мердігер мекемелердің жауапты өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі Президентіміздің, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан бір мезетте 4 ауылға газ жүргізу жұмыстары бұл ауқымды жобалардың бірі екендігін айтып, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы басты талап екенін ескертті. Сондай- ақ ауылдарды көгілдір отынмен қамту жұмыстарын күзге дейін толықтай аяқтап, күзде 4 елді мекенді бір мезетте газға қосу жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Алдағы уақытта аталған 4 ауыл толықтай көгілдір отынға қосылғаннан кейін 1300-ге жуық тұрғын үй мен 25 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылып, 7000-нан астам тұрғын көгілдір отынның игілігін көрмек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандар да табиғи газға қосылатын болады.
Аудан басшысы ауыл әкімдеріне мердігерлермен бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырып, елді мекендердегі санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстарына да ерекше мән беруді тапсырды. Ауылдардың санитарлық тазалығы бойынша анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде қалпына келтіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарын көгілдір отынмен қамту жұмыстарымен мердігер мекеме – «AsiaStroy KZ» ЖШС, ал Жанқожа батыр ауылындағы жұмыстармен – «Сырэнергогазстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Аталған 4 ауыл толықтай көгілдір отынға қосылғаннан кейін аудан бойынша тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 86,3 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек Қазалы ауданында елді мекендерді газдандыру бойынша жалпы жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды ауылдарына магистарльды газ желілерін жеткізуге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сондай-ақ Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылына автоматтандырылған газ тарату стансасын(АГТС) салуға және Ақсуат, Байқожа елді мекендеріне орамішілік газ желілерін жүргізуге жоба сметалық құжаттары әзірленді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарда кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026840 Views

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026248 Views

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.20264 228 Views
Соңғы жаңалықтар

БИЫЛ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 4 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛМАҚ

29.07.2026

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.2026

«Ақылды қала» концепциясы абстракциядан ақиқатқа айнала ма?

29.07.2026

Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?

29.07.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.