Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды
Аймақ жаңалықтары

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026842 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Желіде Махамбет Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оған Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Нұрлан Серғалиевтің ұсталғанын растады. Комитеттің мәліметінше, ректорды 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Филармонияның сотталған экс-директоры Алматыда ақша айырбастау пунктіне ұрлыққа түстіОқыңыз

“Тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттерге қатысты мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Университет заң аясында тергеу жүргізіп жатқан мемлекеттік органдарға қажет қолдау көрсетіп жатыр”, – делінген хабарламада.

Оған қоса министрдің 2026 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті басқарма төрағасы – ректорының міндетін уақытша атқарушы болып басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжаһан Қайсағалиева тағайындалған.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

“Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Оралда мәслихат депутаты әрі университет ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталғаны туралы жазған едік.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.