Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШИЖАҒА АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ШИЖАҒА АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

20.05.2026761 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Арал ауданында инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – Аққұм ауылдық округіне қарасты Шижаға елді мекеніндегі электр желілерін жаңарту жобасы. Аталған жоба аясында ауылдың тозығы жеткен электр жүйелері толықтай жаңғыртылып, тұрғындар сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Жоба шеңберінде Шижаға елді мекенінің 0,4 және 10 кВ әуе электр желілерінің құрылысы жүргізіліп, толық аяқталды. Нәтижесінде 20,6 шақырым жаңа электр желісі тартылып, 9 дана кешенді трансформаторлық қосалқы станция (КТПН) орнатылды. Құрылыс жұмыстарын «Энергомера» ЖШС атқарды.

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде ауылдағы 418 тұрғын үй мен 9 әлеуметтік нысан жаңа әуе электр желісіне қосылды. Бұл өз кезегінде электр энергиясының сапасын арттырып, желідегі кернеу тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Аудан көлемінде электр желілерін жаңғырту жұмыстары өзге елді мекендерде де жалғасуда. Атап айтқанда, Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде ВЛ-0,4 кВ әуе желілерінің құрылысы жүзеге асырылуда.

Арал қаласында атқарылып жатқан жұмыстар аясында 2097 дана темір-бетон тіректері орнатылып, 54 шақырым 0,4 кВ және 8,5 шақырым 10 кВ электр желілері монтаждалды. Сонымен қатар 43 шақырым 0,22 кВ электр желісі жүргізіліп, 1510 абонент жаңа электр желісіне қосылды. Бұдан бөлек, 12 дана 10/0,4 кВ кешенді трансформаторлық қосалқы станция (КТПН) орнатылды. Құрылыс жұмыстарын «КРЭК» АҚ жүргізуде. Жоба 2026 жылға өтпелі негізде іске асырылуда.

Сексеуіл кентіндегі электр желілерін қайта жаңғырту жобасы да аудан үшін маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың бірі саналады. Қазіргі таңда жоба аясында 98,1 шақырым электр желісін тарту және 28 дана кешенді трансформаторлық қосалқы станция (КТПН) орнату жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын «СәтСервис» ЖШС жүзеге асыруда.

Жалпы, аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан электр желілерін жаңғырту жобалары тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.