Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

26.02.2026890 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте әріптестеріоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын абыроймен атқарған Олжас Искаковты республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының басшысы қызметіне шығарып салды.
Аймақ басшысы Олжас Ермекұлының адал қызметі мен салаға сіңірген еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді.
«Әріптесіміз Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Емдеу ісі», Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі.
Еңбек жолын облыс орталығындағы №3 қалалық емхананың аймақтық терапевт дәрігеріболып бастап, осы емхананың бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарықызметтерін атқарған.
Әр жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасында бөлім басшысы, басқармабасшысының орынбасары, Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департаментдиректорының орынбасары болған.
Олжас Ермекұлы денсаулық сақтау саласын басқарған кезеңде нақты әрі жүйелі қадамдар жасап, елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Соңғы 3 жылда облыста жалпы өлім-жітім 5,6 пайыз, ана өлімі 12 есе, сәби өлімі 37 пайыз, туберкулезден аурушаңдық көрсеткіші 11,6 пайыз, өлім-жітім көрсеткіші 9 пайыз, қанайналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 19,6 пайыз төмендеді.
Бұған дейін орталықта қызмет атқарып, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытқанының арқасында Денсаулық сақтауминистрлігімен тығыз байланыс орнатты, бірқатар жобаның табысты жүзеге асуына ықпал етті», –деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында денсаулық сақтау саласының ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматыТұрғанбай Маханов пен медицина саласының ардагері Абдулла Шүленбаев, Наурызбай Байқадамов — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры ізгі тілектерін жеткізді.
Олжас Ермекұлына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, Құрмет грамотасы, облыс әкімінң Алғыс хаты табысталды.
Өз кезегінде Олжас Искаков әріптестеріне алғысын, туған жердің өсіп-өркендеуіне тілектестігін білдірді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

БИЫЛ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 4 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛМАҚ

29.07.2026693 Views

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026840 Views

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026248 Views
Соңғы жаңалықтар

БИЫЛ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 4 АУЫЛ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛМАҚ

29.07.2026

Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталғаны расталды

29.07.2026

20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

29.07.2026

Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?

29.07.2026

«Ақылды қала» концепциясы абстракциядан ақиқатқа айнала ма?

29.07.2026

Бектенов VS Сұлтанғазиев: Алматы облысының энергетикалық түйіні қашан шешіледі?

29.07.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.