Соңғы жылдары Қазалы ауданында елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Ауданда жалпы газбен қамтудың индикаторлық үлесі елді мекендер бөлінісінде 21,4 % құрайды. Ал, жеке тұрғын үйлердің 75,8 % көгілдір отынға қосылған (барлығы — 15903 үй, 12056 үй газдандырылған).
2022 жылы ауданға қарасты Жалаңтөс батыр, Қ. Пірімов және Басықара ауылдары көгілдір отынға қосылса, 2024 жылдың аяғында Қазалы ауданындағы Абай ауылы және 2025 жылы Ақтан батыр ауылы табиғи газ отынына толыққанды қосылды.
2024 жылы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына қаржы бөлініп, жұмыстар толық атқарылды. 2025 жылы Қазалы ауданы 75 пайызға газбен қамтылып отыр.
2026 жылға Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. 2026 жылдың соңына дейін елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Көгілдір отынға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газга бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
