Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Ауыл шаруашылығын қолдау: алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жетті
Басты жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын қолдау: алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жетті

23.10.2025420 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Елімізде егін жинау науқаны штаттық режимде жүріп жатыр. Ауа райына және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер туындағаны қарамастан, олардың барлығы жедел және уақытылы шешілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

«Алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге жетті. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген 700 млрд теңгенің 502 млрд теңгесі игерілді. 9 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды. Егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жалғасуда», – деді вице-министр.

1 қазаннан бастап 2026 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру іске қосылды. Жеңілдетілген лизингке бөлінген 250 млрд теңгенің 253 млрд теңгесіне өтінім берілді. Бұл қаражатқа 8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған.

«Шаруалардың үздіксіз жұмысын 132 мың бірлік трактор, 31 мың астық комбайны, 17 мың орақ машинасы және 130 мың бірлік өзге де техника, оның ішінде 4,2 мыңнан астам жоғары сапалы John Deere және CLAAS комбайндары қамтамасыз етеді. Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 422 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бағасы нарықтық бағадан төмен – литріне 254 теңгеден», – деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Қазір шаруалар 332 мың тонна астық немесе жоспардың 80%-ын жөнелтті. Сондай-ақ қыркүйек-қараша айларында астықты кептіру үшін 40 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның 31%-ы жөнелтілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.