Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЕҢБЕК АРДАГЕРІ МЕН БАТЫР АНА ӨМІРІ ТУРАЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

ЕҢБЕК АРДАГЕРІ МЕН БАТЫР АНА ӨМІРІ ТУРАЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

24.09.20251 162 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Қожакент ауылдық мәдениет үйінде «Қожакент» ауылының негізін қалаушылардың бірі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, қоғам қайраткері Амантай Әпетұлы мен Батыр ана, қажы Ұлданай Әбдікерімқызының рухтарына арналған «Ұмытылмас із, өшпес өнеге» атты еске алу шарасы өтті.

Саналы ғұмырын елінің дамуына жұмсаған еңбек адамы Амантай Әпетұлы «Қожакент» ауылының негізін қалаушылардың бірі болды. Бүкіл білімін, тәжірибиесін, қайратын елінің мұрат-мүддесіне арнап, Жаңақорған өңірінің ауыл шаруашылығы саласының дамуына орасан үлесін қосты.
Өзі өсіп-өнген ауылда орны ерек, болмысы бөлек жандардың қатарында Батыр ана, қажы Ұлданай Әбдікерімқызының есімі ерекше аталады.
Ол алдыңғы апаларының салтын сақтап, үрдісін жалғаған Ана, Тұлға. Өзінің табиғи болмысына сай қажы атанып, көпке үлгі көпбалалы ана атын асқақтатқан нағыз қазақтың Анасы!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біз еңбек адамдарын дәріптеу арқылы қоғам мәртебесін көтеруіміз керек. Адал әрі табанды еңбегімен елге танылған адамдар қашанда құрметті» деп атап өткен болатын.
Ғибратты ғұмырын ауыл шаруашылық саласына арнаған еңбек ардагері Амантай Әпетұлына еңбек даласына өшпес қолтаңбасын қалдырған арда азамат ретінде құрметіміз қашанда жоғары.
Алдымен аудан әкімі Мажит Самитов тағылымға толы шараны ашып, «Ұмытылмас із, өшпес өнеге» атты кітаптың тұсаукесеріне жиналған қауымға жылы лебізін білдірді. Шараның арнайы қонақтары Қызылорда облысының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Ибадулла Құттықожаев, «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов саясаттану ғылымының докторы, Мюнхен қаласынан келген Каюм Кесежи, «Парасат» орденінің иегері Сауық Жақанова, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Бақыт Нұртазаев сан жылдар бойы жауапкершілігі мол лауазымдарды абыроймен атқарған Амантай Әпетұлы мен батыр ана Ұлданай Әбдікерімқызы жайлы сөз қозғап, естеліктермен бөлісті.
Одан соң Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова өмірі өшпес өнегеге айналған асқар тау әкесі мен аяулы анасының құрметіне «Ұмытылмас із, өшпес өнеге» атты естелік кітабының тұсауы кесіліп, өнегелі өмір жолдары мен өшпес еңбектері жайлы драматург Дінмұхаммед Әбжаппаровтың «Тұғырлы тұлға» атты спектаклі ұсынылса, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов арнау арнады.
Шара соңында қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, әнші Индира Елубаева, Кеңес Әлімжан, Мәди Ахметқожа, Бауыржан Бекахметов және жергілікті өнерпаздардың концертті ұйымдастырылды.
#Жаңақорған
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мүгедектікті белгілеу бойынша 79 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

02.10.2025447 Views

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

02.10.20251 185 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

02.10.2025227 Views
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектікті белгілеу бойынша 79 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

02.10.2025

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

02.10.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді

02.10.2025

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

02.10.2025

ФИНАЛДЫҢ БАС КУБОГЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.10.2025

«Kazakh national games» сайысы өтті

02.10.2025

Қала әкімінің орынбасары лауазымына Ділмұхамед Мнуарбекұлы Абизов тағайындалды

01.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.