Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

24.08.20251 694 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін «Өнер орталығында» Спорт күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары Ермахан Ыбырайымов, Бақыт Сәрсекбаев, Елдос Сметов, Болат Жұмаділов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әділбек Ниязымбетов, Ислам Байрамуков, Серік Елеуов, Қамшыбек Қоңқабаев, Мерей Ақшалов, Біржан Жақыпов, облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері арнайы қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, спорт саласындағы бастамалар мен жетістіктерді атап өтті.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру – біздің ортақ міндетіміз» — деп, спорт инфрақұрылымын, соның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салуға тапсырма берген болатын.
Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында өңірімізде спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыруға басымдық берілуде.
Қазіргі таңда аймағымызда 340 мыңнан астам тұрғын
спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл — өңір халқының 40 пайызы. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын 33 спорт мекемесі жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 6 спорт кешені ел игілігіне табысталады.
Сыр өңірінің спортшылары әлемдік додалар мен
ел біріншіліктерінде әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің атын әлемге танытуда. Алдағы уақытта да аймақ спортының дамуына аянбай атсалысып, жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!Мереке құтты болсын!», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мерекелік шарада салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға сүбелі үлесін қосқан сала мамандары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Концертте үрмелі аспаптар оркестрі халық әндеріне импровизация жасады, эстрада әншісі Бағлан Әбдірайымов ән шырқады.
Айта кету керек, Сыр өңірінің спортшылары халықаралық аренада көк туымызды көкке көтеріп келеді. Жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттарынан 36 алтын, 22 күміс, 42 қола медаль жеңіп алды.
Ел біріншіліктерінен 118 алтын, 103 күміс, 151 қола медальға қол жеткізді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ IX КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

27.01.2026361 Views

2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

23.01.2026862 Views

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026183 Views
Соңғы жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ IX КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

27.01.2026

2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

23.01.2026

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026

Цифрлық кодекс: биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі

23.01.2026

Премьер-министр салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты

23.01.2026

Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

23.01.2026

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады

23.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.