Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»1,8 млн тонна арпа экспортталды
Басты жаңалықтар

1,8 млн тонна арпа экспортталды

07.08.2025515 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан 2024–2025 жылының ағымдағы кезеңінде арпа экспортын айтарлықтай арттырды. 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы тамызға дейінгі аралықта арпаның сыртқа жеткізілу көлемі 1,82 млн тоннаны құрады, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (+952,6 мың тонна), деп хабарлайды ҚР АШМ.

Экспорт көлемінің артуына 3,84 млн тонна көлеміндегі жоғары өнім, Иран мен Қытай тарапынан қазақстандық астыққа сұраныстың күшеюі, сондай-ақ отандық арпаның бәсекеге қабілетті бағасы ықпал етті.

Атап айтқанда, Иранға 1,064 млн тонна арпа экспортталды (бұл өткен маусыммен салыстырғанда 30 есеге жуық артық), Қытайға — 414,4 мың тонна, Өзбекстанға — 125,2 мың тонна жөнелтілді.

Экспортқа сұраныстың артуы ішкі нарықтағы бағаның өсуіне оң әсер етті. Егер 2024 жылғы қыркүйекте арпаның тоннасы 50–52 мың теңге деңгейінде болса, 2025 жылғы тамыз айының басында ол 85–87 мың теңге аралығында тұрақтады.

2024–2025 маркетингтік жыл қорытындысы бойынша қазақстандық арпа экспортының көлемі 1,9 млн тонна деңгейінде болады деп болжануда.

Сонымен қатар, ішкі нарықтағы жағдай тұрақты. Бұл ретте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 500 мың тонна бидай және 200 мың тонна көлеміндегі жемдік қор (бидай мен арпа) есебінен нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп отыр.

Астық бағасының өсуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызметіне оң әсерін тигізіп, шаруа қожалықтарының рентабельділігін сақтауға, фермерлердің қосымша қарызсыз ағымдағы шығындарын уақытылы өтеуіне, сондай-ақ шаруашылықты дамыту мен сақтау инфрақұрылымына инвестиция салуына мүмкіндік беріп отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026530 Views

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.20261 026 Views

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026336 Views
Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды

30.01.2026

Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады

30.01.2026

Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді

30.01.2026

Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздарын анықтау үшін ЖИ элементтері енгізілді

30.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.