Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Әлем жаңалықтары»Ресей әскері Украинаның Лозовая қаласын атқылады
Әлем жаңалықтары

Ресей әскері Украинаның Лозовая қаласын атқылады

05.08.20251 401 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

5 тамызға қараған түні Харьков облысындағы Лозовая қаласы Ресей әскерінің шабуылына ұшырады. 

Қаланың әкімі Сергей Зеленскийдің айтуынша, зардап шеккендер бар, олардың арасында екі бала да болған. Алайда әкім жараланғандардың нақты санын атамады. Оның сөзінше, шабуыл кезінде қаланың маңызды инфрақұрылымы, көпқабатты үйлер мен жеке сектор зақымданған. Қаланың кейбір бөліктері жарықсыз қалған.

«Бүгін түнде ресейліктер бейбіт халыққа қарсы нағыз террор жасады. Олар тыныш ұйықтап жатқан адамдарды атқылады. Ерте ме, кеш пе – олар бұған міндетті түрде жауап береді», — деді Зеленский.

Сол түні Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері Лозоваяға қарай Ресейдің бір топ дроны бағыт алғанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Ресей ең жойқын шабуылды Ивано-Франковск қаласына да жасаған еді. Шабуылдың салдарынан екі адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Ивано-Франковск қаласы үшін бұл — соғыс басталғалы бергі ең ауқымды шабуыл болды.

 

«Ресейдің шабуылдары әрдайым адамзатқа қарсы бағытталған: Киевте балабақша, тұрғын үйлер және басқа да азаматтық инфрақұрылым отқа оранды. Харьковте, Ивано-Франковскіде және облыста тұрғын үйлер қирады. 15 адам жараланды, олардың ішінде ең кішкентай бала – 12 жаста. Барлығына көмек көрсетіліп жатыр. Шабуыл кезінде екі адам қаза тапты», — деді Владимир Зеленский Telegram-арнасында.

Екі апта бұрын Украина Қарулы күштерінің Әуе күштерінің мәліметінше, Ресей Украинаға 450 әуе шабуыл құралын бағыттаған: 426 дрон (оның ішінде соққы жасайтын және алдамшы түрлері), бес «Кинжал» аэробаллистикалық зымыраны, төрт «Калибр» қанатты зымыраны, 14 Х-101 зымыраны және бір «Искандер» зымыраны.

Мәліметке сәйкес, 200 «Шахед» түріндегі камикадзе-дрон атып түсірілген, зымырандардың да басым бөлігі жойылған. 203 алдамшы дрон діттеген мақсатына жетпеген. Үш жерде 23 соққы дронының нысанаға тигені, ал 12 жерде олардың сынықтары түскені тіркелген.

Ресей әскері бұл шабуылға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Украина билігінің мәліметі бойынша, соққының негізгі нысандары — Киев, Ивано-Франковск және Харьков болған. Бұл жолы Лозовая қаласы қатты соққыға ұшырады.

Айта кетейік, Киев соңғы рет дәл осындай жаппай шабуылға 4 шілдеде ұшыраған еді. Биыл көктем мен жазда мұндай шабуылдар жиілеп кеткен.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026527 Views

Украина: Германия Ресейге бейбіт келіссөздерде ымыраға келуге шақырды

10.02.2026419 Views

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

13.11.2025448 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.