Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Премьер-министр вегетациялық кезеңнің өтуі бойынша жиын өткізді
Басты жаңалықтар

Премьер-министр вегетациялық кезеңнің өтуі бойынша жиын өткізді

18.07.2025527 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің ауыл шаруашылығын орнықты дамыту жөнінде қойған міндеттерін орындау шеңберінде вегетациялық кезеңнен өту және елдің оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жиын өткізді. Жергілікті жерлердегі ахуал туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, Түркістан, Қызылорда облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жиында оңтүстік өңірлердің бүгінгі су шаруашылығы жағдайы талқыланды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта су қоймаларындағы су көлемі – 19,2 млрд текше метр. Суармалы су көлемінің 98%-ын оңтүстіктегі бес өңір – Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары пайдаланады, бұл аймақтарда 1,2 млн га жер суарылады.

Бекітілген жоспарға сәйкес, аталған өңірлерге биылғы суару маусымында 10,1 млрд текше метр су беру жоспарлануда. 15 шілдедегі жағдай бойынша әзірге 7 млрд текше метр су жұмсалған, вегетациялық кезеңнің соңына дейін тағы 3,1 млрд текше метр су берілмек.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, биылғы суару маусымы еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынның аз түсуіне байланысты созылып барады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы мен Жетісу облыстарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамту үшін тұрақты жағдай жасалып жатқанын баяндады. Аталған өңірлерді сумен қамтудың тиімділігін жақсарту және жеделдігін арттыру мақсатында министрлік пен «Қазсушар» РМК өкілдерінің іссапарға жіберілген тобы жұмыс істеп жатыр.

Жамбыл облысы бойынша вегетациялық кезең жоспарлы режимде өтуде. Шу-Талас бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы қалыпты және тұрақты бақылауда. Биылғы суару маусымында 2025 жылғы сәуірден қыркүйекке дейін Шу және Талас өзендерінің бассейні бойынша су берудің жиынтық жоспарлы көлемі 625 млн текше метрді құрайды. Шілде айының басында Қордай ауданы Қайнар ауылындағы Шу өзенінде қосымша сорғы стансасы қосылды, бұл оның төменгі жағындағы учаскелерге су беруді арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, «Қазсушар» РМК филиалының күшімен Шу өзенінің учаскесі тазартылды.

Түркістан және Қызылорда облыстарында биыл вегетациялық кезең орташа жылдық мерзімнен 20 күн бұрын басталды. Топырақтың жоғарғы қабатында ылғалдың төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтыну көлемі бастапқы кезеңде орта есеппен 50%-ға өсті, бұл суару көздеріне қосымша ауыртпалық тудырды.

Су шығынын оңтайландыруға және ауыл шаруашылығы алқаптарын біркелкі суаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кезектестіре және түнгі суару жүйесі енгізілді. Су ресурстарын үнемдеуге және экожүйеге антропогендік жүктемені азайтуға ықпал ететін коллекторлық-дренажды суды қайта пайдалану белсенді қолданылады. Тік дренаж және сорғы қондырғылары қосылған, бұл жер асты суларының деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз етеді әрі суармалы жерлерде мелиорациялық іс-шаралардың тиімділігін арттырады. Түркістан облысында шаруаларды сумен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру мақсатында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасарлары аталған аймақта жүр.

Жиын барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егудің, сондай-ақ оңтүстік өңірлерде суды заңсыз пайдаланудың фактілері анықталғаны туралы баяндады.

Олжас Бектенов қолда бар су ресурстарын тиімді пайдалануды қатаң бақылауды қамтамасыз етуді және мұндай фактілерге жол бермеуді тапсырды. Түркістан облысы әкімдігіне халықты үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін алдын ала тиісті шаралар қабылдау міндеті жүктелді. Тиімділік пен үнемділікке, ведомствоаралық өзара іс-қимылға баса назар аудара отырып, су тәуекелдерін алдын ала басқаруға көшу қажеттігі атап өтілді. Ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егуге жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар жиында Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары кен орындарының ресурстарын пайдалану бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

19.07.2025856 Views

Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

19.07.2025526 Views

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025447 Views
Соңғы жаңалықтар

СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

19.07.2025

Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

19.07.2025

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025

Түркістан облысында 5 мың басқа арналған бордақылау кешені іске қосылды

18.07.2025

Ақмола облысында «Jańa Dala – 2025» халықаралық агрокөрмесі ашылды

18.07.2025

Премьер-министр вегетациялық кезеңнің өтуі бойынша жиын өткізді

18.07.2025

3 жыл ішінде 633 медициналық нысан салынды

18.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.