Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Машина жасау саласы жарты жыл ішінде 11,1% өсім көрсетті
Басты жаңалықтар

Машина жасау саласы жарты жыл ішінде 11,1% өсім көрсетті

17.07.2025737 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау саласы 11,1% экономикалық өсім көрсетті. Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы сектордың қарқынын одан әрі жеделдетудің және қосымша әлеуетін ашудың мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға арналды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Машина жасау өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторының бірі ретінде оның жалпы көлемінің 19%-ын қамтамасыз етеді. Өсудің негізгі драйверлері: автомобиль (+12,1%), теміржол және басқа да көлік құралдары (+7,1%), ауыл шаруашылығы техникасы (+1,3%), электротехника (+21,5%), компьютер, электрондық және оптикалық жабдық (өсім 1,7 есе) өндірісі, сондай-ақ машина және жабдық жөндеу мен орнату (+12%).

Автоөнеркәсіп: жаңа зауыттар және модельдер қатарының кеңеюі

Автомобиль жасау машина жасау көлемінің шамамен 41%-ын береді. Бүгінде елімізде JAC, Chevrolet, KIA, Lada, Jetour, Hongqi, Skoda, Hyundai және Genesis брендтерін шығаратын екі автозауыт жұмыс істейді.

Биыл Қазақстанда тағы екі жаңа кәсіпорын — Алматыдағы мультибренд зауыты мен Қостанайдағы KIA зауыты іске қосылады. Алматыда CHANGAN, Haval және CHERY сияқты брендтердің автомобильдерін шығару жоспарлануда.

«Жаңа қуаттарды пайдалануға берудің арқасында елімізде шағын тораптық технология бойынша жиналатын автомобиль өндірісінің көлемі едәуір артады. Бұл модельдер қатарын көбейтуге және отандық автоөнеркәсіптің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді», — деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

2025 жылы Қазақстанда 147 824 автомобиль шығару жоспарлануда. Алайда, вице-министр атап өткендей, салада бұл көрсеткіштен асып түсудің барлық алғышарты бар.

Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілерге сертификат беруге байланысты процесті оңтайландыру кезінде қосымша өсу мүмкіндігі жоғары.

Вице-премьер Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрлігіне қажетті рұқсат құжаттамасын жедел беру үшін шара қабылдауды тапсырды. Бұл жаңа модельдердің сериялық өндірісін уақтылы іске қосуға және қуаттардың жүктемесінің артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теміржол машиналарын жасау: жаңаруға бет бұру

Теміржол секторы машина жасау құрылымында 13%-ды алады. 2024 жылы Қазақстанда жалпы сомасы 599,3 млрд теңгеге 125 локомотив және 2,7 мыңнан астам вагон өндірілді. Бүгінде осы сегментте Астана, Петропавл, Екібастұз және Атырауда орналасқан бес өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді.

Биылдан бастап Астанада «Stadler Kazakhstan» зауыты жұмысын бастады. Оның іске қосылуы саланы трансформациялау мен оқшаулауды арттырудың маңызды кезеңін жол ашып отыр.

Жылжымалы құрамды жаңарту үшін Көлік министрлігі қызмет ету мерзімі ұзартылған вагондарды пайдалануға шектеу енгізуге бастамашы болды. Тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу рәсімінен өтуде.

Вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне құжатты қысқа мерзімде қабылдау үшін рәсімдік мәселелерді шешуді жеделдетуді тапсырды.

Электротехника мен тұрмыстық техника: даму жалғасуда

Машина жасаудың жалпы көлемінің шамамен 9%-ы электротехникалық өнімге тиесілі. 2024 жылы Қазақстанда 270 мыңнан астам тұрмыстық техника өндірілді.

Биыл елімізде Samsung брендімен теледидар мен кір жуғыш машина өндірісі басталады. Бұл импортты алмастыру, оқшаулауды арттыру және Қазақстан аумағында шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту бағытындағы маңызды қадам болмақ.

Ауыл шаруашылығы техникасы: нарықтың 90%-ын отандық өндірушілер қамтып отыр

Ауыл шаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6%-ын алады. Бүгінде Қазақстанда өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 10 ірі кәсіпорын өндіреді. Қолданыстағы жеңілдетілген лизинг бағдарламасының арқасында отандық өндірушілер трактор мен комбайн бойынша ішкі нарық қажеттілігінің 90%-ын қамтамасыз етіп отыр.

Өткен жылы финдік SAMPO, қытайлық ZOOMLION және америкалық John Deere Қазақстанға кіріп, қазір олардың қатысуы күшейтілуде.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 мыңға жуық трактор (+39,3%) мен 441 астық жинайтын комбайн (+64,6%) өндірілді. Жылдық жоспар 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды көздейді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27%-ға жоғары.

Вице-премьер Серік Жұманғарин өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторының бірі және елдің технологиялық дамуының маңызды драйвері ретінде машина жасаудың тұрақты өсу қарқынын сақтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін қамтамасыз етуді тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

19.07.2025858 Views

Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

19.07.2025526 Views

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025447 Views
Соңғы жаңалықтар

СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

19.07.2025

Орталық коммуникациялар қызметі мен Синьхуа ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды

19.07.2025

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025

Түркістан облысында 5 мың басқа арналған бордақылау кешені іске қосылды

18.07.2025

Ақмола облысында «Jańa Dala – 2025» халықаралық агрокөрмесі ашылды

18.07.2025

Премьер-министр вегетациялық кезеңнің өтуі бойынша жиын өткізді

18.07.2025

3 жыл ішінде 633 медициналық нысан салынды

18.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.