Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 3 млн көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды
Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 3 млн көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды

10.07.2025691 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман – мелиорация жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Министр Қазалы қаласында орналасқан, 2024 жылғы қарашада пайдалануға берілген орман тұқымбағын аралады. Тұқымбақтың жалпы ауданы 33 гектарды құрайды, оның ішінде өндірістік алаңы 10 гектар. Бұл жерде сексеуіл тұқымдары себіліп, нәтижесінде Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызу үшін 3 млн стандартты көшет алу жоспарланған. 2023 жылы отырғызылған, жалпы көлемі 4 мың гектарды құрайтын екпелер қаралды. Екпелер ғылыми ұсынымдарға сәйкес жасалынып, келесі отырғызу сызбасы қолданылды: қатар аралығының ені 4 метр, қатар ішіндегі аралық 2 метр, жолақ арасындағы қашықтық 30-35 метр. Отырғызу жұмыстары стандартты қара сексеуілдің көшеттерімен жүргізілді. Қазіргі уақытта екпелердің жай күйі қанағаттанарлық деп бағаланады.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 11,8 мың гектарды құрайтын биылғы екпелер қаралды. Аталған жұмыстар 2025 жылғы наурыз айында Қазақ-француз бірлескен кәсіпорны «Катко» қаражаты есебінен жүргізіліп, мұнда да ұқсас отырғызу сызбасы қолданылған, ал екпелердің жай күйі жақсы деп бағалануда.

Сондай-ақ, министр Арал теңізінің құрғаған табанында орналасқан тұқымбақ құрылысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта тұқымбақ суғару мақсатында ұңғымада бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлерге арналған модульдік контейнерлер жеткізілді. Жұмыстар белгіленген мерзімге сай орындалуда.

Аталған тұқымбақ аридтік (құрғақ) жағдайларға жақсы бейімделген көшет материалын өсіруге және тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Тұқымбақтың жалпы ауданы 15 гектарды құрайды, ал өндірістік қуаттылығы жылына 1,5 млн дана көшет өсіруге жетеді.

Сапар барысында министр ғылыми мамандардың өкілдерімен кездесті. Ғалымдармен бірге Арал теңізінің құрғаған табанында орман өсіру агротехникасын жетілдіру және отырғызылған екпелердің жерсіну деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, орман-мелиорация жұмыстарына тұрақты ғылыми сүйемелдеу жүргізу мақсатында Қызылорда қаласында ҚазОШҒЗИ филиалы құрылған. Қазіргі уақытта онда 2 ғылыми қызметкер тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылған екпелерді қорғау және сақтау мақсатында Арал орман шаруашылығы мекемесі базасында «Арал орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватын құру арқылы оларға ерекше қорғалатын аумақ мәртебесін беру жоспарланған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025271 Views

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025391 Views

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025135 Views
Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

25.12.2025

Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.