Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»
Аймақ жаңалықтары

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.20258 179 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Шиелі ауданына келді. Сапар барысында олар партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және партияның аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздықпен бірге аудан аумағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Алдымен делегация «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізі бойынан салынып жатқан газ құю бекеті мен сервистік қызмет көрсету кешенінің құрылыс алаңына барды. Аталған жобаны «Эко Энерджи Плюс» ЖШС жүзеге асыруда. Жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын кешен іске қосылғанда 27 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мемлекеттік қолдау ретінде жобаға Тұран ауылдық округі аумағынан 2 гектар жер телімі табысталған.

– Жоба толық іске қосылғанда аудан бюджетіне жылына 200 млн теңгеге жуық салық түседі деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, 15 жергілікті тұрғын еңбек етуде, – деді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков.

Сапар барысында халық қалаулылары Еңбекші ауылдық округі аумағында салынып жатқан қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясының жұмысымен де танысты. 80 гектар жерді алып жатқан нысанды China Huadian Corporation Ltd компаниясы салып жатыр. Жалпы құны – 11,5 млрд теңге. Жоба үш кезеңнен тұрады: жол және қоршау құрылысы, күн панельдері және қосалқы станция. Қазіргі таңда алғашқы екі кезең аяқталып, үшінші кезең жұмыстары жүргізілуде. Осы күнге дейін жоба аясында 55 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов:

– Мұндай ірі жобалар мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау тауып, толыққанды инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі қажет, – деді.

Депутаттар жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуы, ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік мәселелердің шешілу барысын көзбен көруді, сондай-ақ заңнамалық деңгейде қолдауды қажет ететін өзекті мәселелерді зерделеуді мақсат етті.

Сапар соңында делегация «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің өндіріс орнында болды. Зауыт директоры У Чен Хуамен кездесіп, өндіріс барысын талқылады. Жылына 1 млн 100 мың тонна цемент өндіретін зауытта бүгінде 264 адам жұмыс істейді, оның 226-сы – Қазақстан, 38-і – Қытай азаматтары. Жалпы жұмысшылардың 85 пайыздан астамы – жергілікті тұрғындар.

Айта кетейік, жуырда өткен «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме-байқауында аталған зауыт жеңімпаз атанды.

– Бұл жетістік – сапалы өнім мен заманауи технологияның, үздіксіз еңбектің нәтижесі. Ұжымның ұйымшылдығы мен кәсібилігі – табыстың кілті, – деді депутат Мұрат Әбенов.

Осындай ауқымды жобалар мен ірі кәсіпорындар Шиелі ауданының өндірістік әлеуетін арттырып, өңір экономикасының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026644 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЕМХАНАЛАР МЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

12.02.2026

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

11.02.2026

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.