Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарда бар
Денсаулық

Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарда бар

02.07.2025166 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында 8 жылдан астам уақыт бойы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп жасушалық технологияларды енгізу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда оларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми бағдарлама мен гранттық зерттеу орындалды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында мекеме директоры Олжас Бекарысов бұл жұмыстың нәтижелері туралы толығырақ айтып берді.

Технологиялардың бірі шеміршек тінінде ақаулар мен зақымдану болған кезде қолданылады.

«Біз адамнан май тінін алып, содан мезенхималық тін жасушаларын аламыз. Ұлттық биотехнология орталығы олардан дайын шеміршек жасушаларын өсіреді. Науқасқа операция жасағанда қолымызда аутограф болады және оны шеміршек тінінің зақымдануының орнына имплантациялауға болады. Бұл технология қауіпсіз және зақымдалған шеміршек тінін тез қалпына келтіруге көмектеседі», — деп түсіндірді спикер.

Сүйек жасушаларын өсіру бойынша зерттеулер де жүргізіліп жатыр, эндоскопия кеңінен қолданылып, зерттеледі және тексеріледі. Хирургиялық процедураларда омыртқада артроскопия  сәтті қолданылады. Отандық импланттарды әзірлеу және шығару бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Орталықтың тағы бір үлкен міндеті — ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс, елдегі бейіндік қызметті үйлестіру. Пациенттер үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құру тұжырымдамасы ұсынылды. Осылайша, ірі медициналық жоғары оқу орындарының базасында осындай бірнеше орталық құру жоспарда бар. Мекеме пилоттық режимде Балқашта ашылады деп күтілуде, өйткені бұл қала ірі республикалық жолдардың айрығында, сондай-ақ облыс орталықтарынан: Қарағанды, Алматы және Тараздан алыс орналасқан. Өкінішке қарай, статистика бойынша бұл учаскеде ЖКО көп орын алады.

«Өңірлік травматологиялық орталықтардың функциялары қандай болмақ? Бұл — халықаралық тәжірибе мен озық технологияларды қолдану, мамандандырылған көмек көрсету және пациенттердің жоғары технологиялық медициналық көмекті күту уақытын қысқарту», — деп толықтырды Олжас Бекарысов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

20.05.2026853 Views

Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

20.05.2026339 Views

Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда

20.05.2026348 Views
Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де eVTOL аэротаксиінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

20.05.2026

Үкімет Степногорск және Көкшетау қалаларының жылу желілерін жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлді

20.05.2026

Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда

20.05.2026

Былтыр елге 11,1 млн шетелдік турист келді

20.05.2026

Алакөлдің жағалауын нығайту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді

20.05.2026

Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

20.05.2026

ШИЖАҒА АУЫЛЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

20.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.