Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Олжас Бектенов вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды
Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды

20.06.2025191 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Онда еліміз бойынша, сондай-ақ су тұтынудың 97%-ын құрайтын оңтүстік өңірлердің ахуалы, сонымен қатар ауыл шаруашылығында егіс құрылымын қазіргі жағдайға бейімдеу және ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша ауыл шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстары әкімдерінің баяндамасы тыңдалды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша, «Қазсушар» РМК филиалдары ауыл шаруашылығы өндірушілеріне су беруді ұйымдастырды. Бүгінде 22,5 мың келісімшарт жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 3 мыңға артық.

Талқылау барысында Шу, Талас және Сырдария өзендеріндегі жағдай, суды бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Су үнемдеуді ынталандыру мақсатында елімізде егіндік суға арналған субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді: су үнемдеу технологияларын пайдаланатын шаруалар үшін мұндай технологияларды қолданбайтындарға қарағанда – субсидиялар мөлшері жоғары. Сонымен қатар суды заңсыз пайдаланумен күресу және су ұрлау фактілерінің алдын алу шаралары қабылдануда.

Премьер-министр шаруалардың қажеттіліктерін су ресурстарымен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының сұраныстарын қанағаттандыру көбірек назар аударуды талап ететінін атап өтті.

«Тиімділікке, үнемділікке және ведомствоаралық келісімділікке баса назар аудара отырып, су тәуекелдерін алдын ала басқаруға көшу қажет. Облыс әкімдері сумен жабдықтау ұйымдарының егіндік сумен шаруаларды қамтамасыз ету, суару технологияларын сақтау, суару реттілігі және коллекторлық-дренаждық суды қайта пайдалану жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етуге тиіс. Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен фермерлер бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырамын. Суды заңсыз пайдалануды бақылауды күшейту және бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жандандыру маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Су ресурстары және ирригация министрлігіне көршілес елдермен трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастықты нығайту, су беру лимиттерін бақылауды күшейту және жедел әрекет ету, құрылыстарға жөндеу жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ спутник деректерін пайдалана отырып және интерактивті карталарда су тапшы аймақтарды көрсету арқылы суды пайдаланудың цифрлық мониторингін енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Үкімет шаруаларды сумен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауда, вегетациялық кезеңнің өту барысы тұрақты бақылауда. Аталған жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025273 Views

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025418 Views

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025327 Views
Соңғы жаңалықтар

ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚЫЗЫЛОРДА!

09.08.2025

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

07.08.2025

Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

07.08.2025

1,8 млн тонна арпа экспортталды

07.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.