Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Әлем жаңалықтары»Мәскеу Киевке 2 маусымда Ыстанбұлда кездесу өткізуді ұсынды
Әлем жаңалықтары

Мәскеу Киевке 2 маусымда Ыстанбұлда кездесу өткізуді ұсынды

29.05.2025122 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресей делегациясы, президенттің көмекшісі Владимир Мединскийдің жетекшілігімен, 2 маусым күні Украинаға қақтығысты реттеуге қатысты ресми ұстанымды көрсететін меморандум ұсынбақ.

Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ, Сауд Арабиясы және Түркияның қолдауымен диалогты қайта бастауға қолайлы жағдай жасалған. Бірінші келіссөз 16 мамырда Ыстанбұлда өтіп, мыңдаған тұтқынды алмастырумен аяқталған болатын — әр тараптан 1000 адам.

– Ресей тарапы уағдаластыққа сай, дағдарыстың негізгі себептерін сенімді түрде жою жолдары жөнінде көзқарасын баяндаған меморандумды жедел түрде дайындады. Бұл құжатты Владимир Мединский бастаған делегация Украина жағына ұсынып, 2 маусымда Ыстанбұлда өтетін екінші тікелей кездесу барысында қажетті түсініктемелер беруге дайын, — делінген Сергей Лавровтың Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемесінде.

Министр Түркияға кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, бейбіт реттеуге мүдделі елдердің бұл келіссөздерді қолдайтынына үміт білдірді.

Айта кетейік, 16 мамыр күні Ыстанбұлда өткен келіссөз — 2022 жылдан бергі Ресей мен Украина өкілдерінің алғашқы тікелей кездесуі. Делегацияларды Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мен Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарды.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Германия мен Францияны “Украинадағы соғысты одан әрі өршіту жарысына түсті” деп айыптаған болатын.

Бұған дейін Мерц Киевке сапары кезінде Германия Украинамен бірге алыс қашықтықтағы зымырандарды бірлесіп шығарып, оларды қолдануға ешқандай шектеу қоймайтынын айтқан болатын. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады. Жақын күндері тиісті келісімге қол қойылуы мүмкін. Украина президенті Владимир Зеленский де Германиямен бірлескен өндірісті құру бойынша келіссөз жүріп жатқанын растады.

Аталған мәлімдемеге байланысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз пікірін білдіріп, Германия мен Францияның «соғысты одан әрі ушықтыру ісіне» түскенін атап өтті:

«Бұның бәрі бейбіт келіссөздерге кедергі келтіреді. Осындай арандатушы әрекеттерге қарамастан, біз бейбіт реттеу процесі жалғасып, екінші раунд келіссөздері өтіп, меморандум жобаларымен алмасуға мүмкіндік болады деп үміттенеміз», — деді Песков.

Бұған дейін де Ресей тарабы Германияда жасалған алыс қашықтықтағы зымырандарды Украина қолдануы мүмкін екенін сынға алған еді. Ресейлік пропагандист, «Россия сегодня» және RT арнасының бас редакторы Маргарита Симоньян бұл жөнінде өз пікірін білдірген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026527 Views

Украина: Германия Ресейге бейбіт келіссөздерде ымыраға келуге шақырды

10.02.2026419 Views

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

13.11.2025448 Views
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

19.03.2026

«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды

19.03.2026

«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды

19.03.2026

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

19.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.