Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Көкшетау қаласындағы жылу көзін жөндеу үшін Үкімет резервінен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Аймақ жаңалықтары

Көкшетау қаласындағы жылу көзін жөндеу үшін Үкімет резервінен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

26.04.2025141 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы жылу көзінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Құжатқа сәйкес, 2025-2026 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық және кезеңнің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының жылу көзінде (АҚ-2) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының бюджетіне қаражат аударылады.

Бөлінген қаражат «Көкшетау жылу» кәсіпорнының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу аспаптарының далалық деңгейін және ссу жылытатын тозаң көмір қазандығының автоматикасын, сондай-ақ қазандық агрегатының қыздыру беттерін реконструкциялау, қазандық агрегатының ауа жылытқыштарының текшелерін жөндеу, технологиялық ресурсы таусылған жабдықтардың бірліктерін жөндеу және ауыстыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

Еске сала кетейік, Көкшетау қаласының нысандарын жылумен жабдықтау №1 аудандық қазандық (мазут) және №2 аудандық қазандықтары (көмір) арқылы жүзеге асырылады. Алайда жылумен қамтамасыз етудің негізгі көзі тозаң көмірмен жұмыс істейтін №2 аудандық қазандығы болып қала береді. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 188,7 шақырым ( 51 км – магистралды, 137,7 км – орамішілік). Желілердің негізгі бөлігі 1977 жылдан бері жұмыс істеп тұр.

2024 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен ұзындығы 6 шақырым магистралды желі жөнделді, сондай-ақ № 2 және № 3 қазандық агрегаттарына жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде, ағымдағы жылыту кезеңінде тозу көрсеткіші 45%-дан 43%-ға дейін төмендеді, жылу желілеріндегі технологиялық бұзылулар саны 62-ден 47-ге дейін азайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026963 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026464 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026837 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.