Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«СЫР ЕЛІ – ДОСТЫҚ МЕКЕНІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ФОРУМЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

«СЫР ЕЛІ – ДОСТЫҚ МЕКЕНІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ ФОРУМЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

08.04.2025417 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті.Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жастар жанашырлары Нұрия Ниязова, Ғылым және білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, барлық өңірден келген Ассамблея жастарының көшбасшылары қатысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форум қатысушыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, басқосу жұмысына сәттілік тіледі.
«Баршаңызды бірліктің ұйытқысы болып, еліміздегі этносаралық достық пен толеранттылықтың үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өздеріңізбен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Сыр елі – достық мекені» атты форумда жүздескеніме қуаныштымын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет», – деген болатын.
Сыр өңірінде әр салада, атап айтқанда, білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте табысты еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге жеткен жастарға жыл сайын «Сыр үміті» облыстық жастар сыйлығы табысталып келеді. Баспана мәселесін шешу үшін 2023 жылдан бері «Сыр жастары» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы жүзеге асуда. Оған жыл сайын жергілікті бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1 млрд 200 млн теңге бөлінеді.
Ассамблеяның мерейлі жылы аясындағы қуанышты жаңалық – Қызылорда қаласында жаңадан «Достық үйі» салынуда. Бұл бірлік пен ынтымақты нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады. Тағы бір ерекше жаңалығымыз, алдағы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» ашылады», – деді Н.Нәлібаев.
Жиынға қатысушылар Нұрия Исмагилқызы, Ақерке Абылайханқызы және Тимур Ғабдулұлының атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге арналған баяндамаларын тыңдады.
Ертең қонақтар Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсияға барып, зымыран ұшырылымын тамашалайды. Байқоңыр музейінде ғарыш саласының даму кезеңдерімен, еліміздің ғарыштық жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және Ассамблея жастарының тулары ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырылады. Осылайша Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық эмблемасы бейнеленген ту ғарышқа алғаш рет көтеріледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.20251 859 Views

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025206 Views

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025308 Views
Соңғы жаңалықтар

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.2025

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025

Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді

05.06.2025

Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

05.06.2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.