Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Қазақстан мен Словения арасында маңызды келісімдер жасалды
Басты жаңалықтар

Қазақстан мен Словения арасында маңызды келісімдер жасалды

01.04.2025211 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, –  деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы өзінің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Наташа Пирц-Мусарға ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, Словения – Қазақстанның Еуропа одағындағы маңызды серіктесі әрі екі елдің қарым-қатынасы достық және өзара сыйластық рухында нығайып келеді. Оның айқын дәлелі – былтыр Любляна қаласында Қазақстан елшілігінің ашылуы.

– Мен мұны ықпалдастығымызды дамыту жолындағы маңызды қадам деп санаймын. Қазақстан екі ел арасындағы достықты одан әрі тереңдетуге мүдделі. Сондықтан бұл сапардың мән-маңызы айрықша. Біз бүгін құрметті Президент Пирц-Мусар ханыммен мазмұнды әрі жемісті келіссөз жүргіздік. Қазақ-словен ынтымақтастығының аясын кеңейту жолын талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Сондай-ақ бүгін бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісім жасалды. Соның ішінде денсаулық сақтау, туризм, білім беру салаларына қатысты маңызды құжаттар бар. Бұл келісімдерді тиімді іске асыру арқылы екі елдің ынтымақтастығын жандандыра түсеміз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттер екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыруға келісті. Қазір қос мемлекет фармацевтика, жаңартылатын энергия, инженерия, телекоммуникация бағыттарында маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мемлекет басшысы елімізде осы салаларда 20-ға жуық словен компаниясы табысты жұмыс істеп жатқанына тоқталып, экономикалық байланыстардың ауқымын одан әрі кеңейтудің маңызын атап өтті.

– Тау-кен, жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, цифрландыру және инновация, денсаулық сақтау, туризм салаларында тың жобаларды жүзеге асыруға келістік. Қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, оның қызметін жаңа деңгейге көтеруге шақырдым. Екі ел бизнес өкілдерінің байланысын тереңдету – маңызды міндеттің бірі. Осыған орай, «Қазақстан – Словения» іскерлік кеңесін құру мәселесін талқыладық. Елімізге Словенияның ірі кәсіпкерлері де келді. Ертең олардың қатысуымен бизнес-форум өтеді. Бұл іс-шара осы бағыттағы жұмысты күшейтуге ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

01.06.2025385 Views

ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

01.06.20251 154 Views

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

01.06.2025862 Views
Соңғы жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

01.06.2025

ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

01.06.2025

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ: АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІНІҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

01.06.2025

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда

29.05.2025

Кремль: Германия Украинадағы соғысты одан әрі ушықтырып жатыр

29.05.2025

Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың көзін жойғанын хабарлады

29.05.2025

Ақнәр ісі күрделеніп барады

29.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.