Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Мемлекет басшысы Лю Цзяньчаоны қабылдады
Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Лю Цзяньчаоны қабылдады

26.03.202591 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.

«Бүгінде біздің берік байланыстарымыз мәңгі достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісі саналады. Біз ҚХР-мен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан тарапынан жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін барлық қажетті шара қабылданады. Сонымен қатар мен Қытай Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзамен достығымды өте жоғары бағалаймын», деді Мемлекет басшысы.

вв

Президент маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайдың көпжақты құрылымдар аясындағы көзқарастары ұқсас екенін атап өтіп, Төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «біртұтас Қытай» саясатына бейіл екенін растады.

Өз кезегінде Лю Цзяньчао Мемлекет басшысына Төраға Си Цзиньпиннің ыстық ықыласын жеткізді. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің тауар айналымын ұлғайтып, көлік-логистика, энергетика және жасанды интеллектіні дамыту салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға орасан зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖИ-дің негізін қалаған

29.12.2025257 Views

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

29.12.2025181 Views

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

29.12.2025249 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖИ-дің негізін қалаған

29.12.2025

Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?

29.12.2025

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

29.12.2025

1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?

29.12.2025

Көкшетаудағы заманауи аурухана бүкіл солтүстік макроөңірдің денсаулық сақтауын күшейтеді

29.12.2025

Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту: жаңа нысандар, жабдықтар мен кадрлар

29.12.2025

Хромтауда елдегі алғашқы білім беру-өндірістік кластер іске қосылды

29.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.