Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ШИЕЛІДЕ 200 ОРЫНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН 50 ОРЫНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІДЕ 200 ОРЫНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН 50 ОРЫНДЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

21.03.2025411 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі кентінде 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.
Жаңадан бой көтеретін ғимараттың бас мердігері «СПМ — Қызылорда» ЖШС нысанды биыл пайдалануға береді.
Айта кетейік, кейінгі жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Құрылыс көлемі, пайдалануға берілген ғимараттар мен тұрғын үйлер саны еселеп артты.
«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы», 3 ауданда 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды.
«Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында аяқталады. Дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты да шәкірттерге есік ашпақ.
Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026173 Views

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026582 Views

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026417 Views
Соңғы жаңалықтар

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026

Қазір ЖЭО-ларда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар

16.02.2026

Энергетика министрлігінің өкілі көмір генерациясы бойынша ұлттық жобан іске асыру туралы айтты

16.02.2026

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

16.02.2026

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды

16.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.