Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢАҚОРҒАНДА «АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАНДА «АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

21.03.2025343 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорғанда «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік шара өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, аудан тұрғындары, аймақ ардагерлері қатысты. Кенттегі «Prime Park» орталық саябағына ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесі қойылып, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Салт-дәстүрлердің тағылымы суреттелген қойылымдар көрсетілді. Іс-шара қонақтары бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, игі тілек айтты. Аймақ басшысы тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.,
Возможно, это изображение 7 человек, помост и текст
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлық салты дәріптеледі.Тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі ерекше салтанат құрады», – деген болатын. Президентіміздің бастамасымен өткен жылдан бері елімізде Наурыз мейрамы 10 күн бойы тойлануда. Ұлыстың Ұлы күні Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен келді! Биыл — еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтеді. Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы.
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге игіліктерімен, жаңалықтарымен келсін! Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болсын деп тілеймін! Әрбір шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз Наурыз құтты болсын!», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мерекелік жиында Жаңақорған ауданының дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бекмырза Еламанов батасын берді.
Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

12.05.2026258 Views

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

12.05.2026252 Views

Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады

12.05.2026210 Views
Соңғы жаңалықтар

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

12.05.2026

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

12.05.2026

Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады

12.05.2026

Абай облысының кентінде экологиялық акция өтті

12.05.2026

Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру туралы Жарлыққа қол қойды

12.05.2026

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

11.05.2026

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.