Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Қазақстан мен АҚШ арасында ынтымақтастық артады
Басты жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ арасында ынтымақтастық артады

12.03.2025627 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен  Kazakh Invest  ұлттық компаниясының АҚШ-тағы шетелдік өкілі Марат Бірімжанның қатысуымен технологиялық шешімдер, өнеркәсіп, денсаулық сақтау және энергетика салаларындағы ірі америкалық компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесу   өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ ақпаратына сәйкес.

Аталған кездесулерде Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, технологиялық алмасу және өндірісті жергіліктендіру мәселелері талқыланды.

Маңызды кездесулердің алғашқысы  Honeywell Technology Experience Center  орталығының өкілдерімен өткізілді. Кездесу барысында өнеркәсіптік автоматтандырудағы инновациялық шешімдер, баламалы авиаотын өндіру, өндірісті цифрландыру және Қазақстанда озық технологияларды енгізу мәселелері талқыға салынды.

Әлемдегі жетекші агроөнеркәсіптік  Archer Daniels Midland  корпорациясымен өткен келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, агросекторға озық технологияларды енгізу және экспорттық жеткізілімдерді кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл кездесуде қазақстандық тарап астықты қайта өңдеу және өсімдік майын өндіру бойынша әлеуетті жобаларды таныстырып, осы салалардағы өндірісті Қазақстанда жергіліктендіруге қолайлығы туралы атап өтті.

Оған қоса,  Pfizer  компаниясымен өткен кездесудің басты тақырыбы – Қазақстандағы фармацевтика саласын дамыту, заманауи биотехнологияларды енгізу және дәрілік заттар өндірісін жергіліктендіру мәселелері жайлы.

Сондай-ақ технологиялар, қауіпсіздік және цифрлық шешімдер саласындағы ірі америкалық компания  Leidos-пен келіссөздер өтті. Бұл кездесуде интеллектуалды көлік жүйелері үшін технологиялық шешімдерді дамыту, маңызды инфрақұрылым мен өнеркәсіпті қорғау, Қазақстанда озық киберқауіпсіздік жүйелерін енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

Бұдан былай қазақстандық делегация өкілдері АҚШ-тың су технологиялары саласындағы жетекші компаниясы  Xylem-мен кездесу өткізді. Аталған кездесу су ресурстарын басқару, су тазарту және сапасын бақылаудың инновациялық жүйелерін енгізу бойынша бірлескен бастамаларды талқылауға арналды. Қазақ тарапы сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғырту үшін  Xylem  компаниясының озық шешімдерін пайдалануға мүдделілік танытты.

Кездесулердің қорытындысы бойынша, Ғабидолла Оспанкұлов америкалық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын растап, америкалық тарапқа негізгі салаларда жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар мен тиімді қолдау тетіктерін ұсынды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 928 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026719 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026593 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.