Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШЕКАРА ШЕБІНДЕГІ АБЫРОЙ МЕН АДАЛДЫҚ
Аймақ жаңалықтары

ШЕКАРА ШЕБІНДЕГІ АБЫРОЙ МЕН АДАЛДЫҚ

05.03.2025231 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазіргі таңда шекара қызметінде нәзік жанды арулар ерлермен қатар ел шебін күзетуде. Бұл сала ұқыптылықты, қырағылықты және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметте арулар тек кәсіби біліктіліктерімен ғана емес, сондай-ақ табандылығы, төзімділігі және патриоттық рухымен ерекшеленеді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Қорқыт ата” шекаралық бақылау бөлімшесінің кіші бақылаушысы кіші сержант Гүлназ Тәжібаева өзінің қызмет атқарып жүрген саласы туралы айтты.
— Әскери қызмет – тек ер азаматтарға ғана тән мамандық емес. Бүгінде ел шебін күзетіп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аруларымыз да ерлермен қатар қызмет атқаруда. Біз өз міндетімізді атқара отырып, әр азаматқа құрметпен қарап, заңдылық пен әділдікті сақтауға бар күш-жігерімізді саламыз. Шекара қызметінде жұмыс істеу – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Күн сайын біз мемлекетіміздің шекарасының тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етеміз. Әйел бола тұра, әскери салада қызмет ету – төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Біз нәзік жанды болғанымызбен, әрқашан қызметімізге адалдық танытып, ел алдындағы борышымызды абыроймен орындауға тырысамыз. Біздің бойымыздағы жауапкершілік, табандылық, ұқыптылық пен әділеттілік бұл қызметте ерекше маңызға ие. Қиындығы мен жауапкершілігі мол бұл қызметте нәзік жандылардың орны ерекше. Біз тек ел шебін күзетіп қана қоймай, қоғамға, болашақ ұрпаққа үлгі көрсетеміз,-деді, Гүлназ Аймағамбетқызы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.