Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ МЕН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ МЕН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19.01.2025314 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асу барысы талқыланды.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу және оның 6 900 орындық 10 мектебін 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
2023 жылы жайлы мектептер құрылысына 19,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Самұрық — Қазына Констракшн» акционерлік қоғамының шотына аударылды. 2024 жылға жоспарланған 21,3 млрд. теңге игерілді. Қызылорда облысының әкімдігі мектептерге инфрақұрылым жеткізудің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Одан әрі жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде 10 мектептің инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды. Іргелес аумақтарын абаттандыру, жол салу үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 80 млн теңге бөлінді. Мердігерлер анықталып, жұмыс жүргізілуде.
Өткен жылдың қазан айында республикада алғашқылардың бірі болып Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 900 орындық мектеп ел игілігіне табысталды. Қаңтар айының басында тағы 2 мектеп пайдалануға берілді. Бүгін Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп ашылды. Жақын күндері Жаңақорған кенті Саяжай мөлтек ауданындағы
600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Қалған 5 мектептің құрылысы осы жылы бітеді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының өңірлік жоспары жасалып, ол бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Демеушілік есебінен Қызылорда қаласындағы 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталды, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды.
Қызылорда қаласындағы орталық алаңды қайта жаңғыртуға демеушілік есебінен 1 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаралды. Теміржол вокзалының ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өткізілді. Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы салынды. Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер паркі» ашылды, Қармақшы ауданының Жаңажол ауылында орталық алаң және Жалағаш ауданының Таң ауылында көшелер абаттандырылып жарықтандырылды.
Облыстық бюджеттен қаралған қаражатқа 17 көпқабатты тұрғын үй аулалары, 14 спорт, ойын алаңы салынып, 7 ойын алаңы жөнделді. Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде. Аудандарда да көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынуда.
Облыс орталығынан бастап барлық елді мекендегі мекеме ғимараттары, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналары бекітілген бірыңғай архитектуралық талапқа сәйкестендірілді.
Өңірде жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Бүгінге дейін 1,5 млрд. теңге бөлініп, үздік атанған елді мекендерге күнделікті тұрмысқа қажетті 48 арнайы техника табысталды. Биыл 564,4 млн. теңге бөлініп, 19 коммуналдық техника сатып алынады. Өткен жылы коммуналдық сала және абаттандыру мекемелері 73 техникамен, жыл соңына дейін тағы да 33 арнайы техникамен жарақталды.
Облыс орталығында және барлық ауданда «Үздік аула» конкурсы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.