Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫС ӘКІМІ ҰШАҚТА АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРДІҢ РЕЗИДЕНТУРАДАҒЫ ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕТІНІН АЙТТЫ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫС ӘКІМІ ҰШАҚТА АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРДІҢ РЕЗИДЕНТУРАДАҒЫ ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕТІНІН АЙТТЫ

18.01.2025346 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 10 қаңтарда «Қызылорда — Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін құтқарып қалған жерлесіміз Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті.
Дінмұхаммедтің жас болса да, шұғыл әрі батыл, сауатты әрекет жасағанына ризашылығын білдірді. Баласына жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін ата-анасына алғысын жеткізді.
Интерн маман оқуын әрі қарай үш жылдық резидентурада жалғастыруды жоспарлаған. Аймақ басшысы елдің атынан алғыс ретінде Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін айтты.
«Дінмұхаммед медициналық көмекке мұқтаж азаматқа дер кезінде алғашқы жәрдем көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Оның уақыт оздырмай қабылдаған шешімі, сауатты іс-қимылы өзі сияқты медицина мамандығында білім алатын жастарға үлгі-өнеге болды.
Бұл арқылы Дінмұхаммед өз мамандығын жақсы меңгергенін ғана емес, ата-анасынан, ұстаздарынан, аға буын әріптестерінен тағылымды тәрбие алғанын көрсетті.
Дінмұхаммед секілді жас мамандар – еліміздің болашағы. Біз осындай азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп, ерлік ісін өскелең ұрпаққа үлгі етіп насихаттауымыз қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Ол жай ұран емес. Бұл – біздің басты саясатымыз. Сондықтан келешекте де біз жастарды қолдаймыз. Оларға жәрдем береміз. Әсіресе, дарынды жастарды тұрақты түрде қолдауымыз керек» деген болатын.
Білімді, білікті, адал, туған елінің патриот жастарын қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді.
Президентіміз тек жастардың ғана емес, өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың, қарапайым еңбек адамдарының өнегелі істерін әрдайым көпке үлгі етіп айтып келеді. Өз мамандығын жетік білуге талпынған, үздік оқитын, патриот азаматты тәрбиелеп өсірген сіздерге және ұстаздарға барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан зор ризашылығымды білдіремін», – деді Н.Нәлібаев.
Еске салайық, Дінмұхаммед Бектұрған Астана медицина университетінің 7- курс студенті. Қазір интернатурада оқиды.
Кеше Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Дінмұхаммедті министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Интерн маман Астана медицина университеті ректорының міндетін атқарушы Анар Тұрмұхамбетованың, «Аманат» партиясы Астана қалалық филиалының жетекшісі Мұхаммед Болысбектің және «ҚазақЭйр» компаниясы экипаж командирінің «Алғыс хаттарына», 4 тегін авиабилетке ие болды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: ЕЛ ЫРЫСЫН ЕСЕЛЕГЕН ДАЛА ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

23.10.2026159 Views

Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23.10.2026414 Views

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

23.10.2026352 Views
Соңғы жаңалықтар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: ЕЛ ЫРЫСЫН ЕСЕЛЕГЕН ДАЛА ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

23.10.2026

Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23.10.2026

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

23.10.2026

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

23.10.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

23.10.2026

Қайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды

23.10.2026

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

23.10.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.